- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 74 | |
Кеше | 618 | |
Бұл апта | 2847 | |
Өткен апта | 3201 | |
Бұл ай | 10309 | |
Өткен ай | 15230 | |
Барлығы | 1094437 |
Сіздің IP: 3.146.65.212
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2024-04-20 02:59
" Есірткі қолданудың алдын алу және басқа да зиянды белсенді заттар жастар арасында, Денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
Колледждің 1 курс білім алушыларына " Есірткі қолданудың алдын алу және басқа да зиянды белсенді заттар жастар арасында, Денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру" тақырыбында Талғар аудандық ауруханасы салауатты өмір салты қызметінің маманы, нарколог М. М Рысбаева, ювеналды полиция қызметкерлері және "Аманат" партиясы Талғар филиалының өкілдері, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М. Тукусбаеваның қатысуымен семинар тренинг өткізілді. Білім алушыларға бейне көрсетілімдер көрсетілді. Сұрақтар қойылды. Жастар өз ойларын ортаға салды.
"Бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп және аудит"
20.11.2023 16:07
Талгар агробизнес және менеджмент колледжі
"Бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп және аудит" кафедрасының "Есепші және бағдарламашылар - ғасырлар мен келешек мамандығы» атты онкүндік декадасынын ашылуы 13-қараша күні таңертеңгісін колледж фойесінде ұйымдастырылып, білім алушылар мен оқытушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова сөз сөйлеп, онкүндіктің ерекше өтуіне, білім алушылардың белсенділікпен атсалысатынына сенім білдірді.
Көлік және байланыс саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіптік шеберлік конкурсы
17.11.2023 11:49
Талғар агробинес және менеджмент колледжі 2023 жылдың 04-10-қараша аралығында Қостанай қаласында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында республикалық кәсіптік шеберлік байқауына қатысқан колледж оқытушысы Білдебаев Талғат ІІІ орынды иеленді! Колледж намысын қорғаған Талғат Нұрғожаұлы! Еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын! Колледж, Алға!
«Парасатты оқырман»
17.11.2023 11:12
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Алматы облысының білім басқармасы, Облыстық әдістемелік орталық және Қаскелең мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, үздік оқырманды анықтау әрі ынталандыру мақсатында 9 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім саласы мұғалімдері мен кітапханашылары арасында «Кітап оқы. Шабыттан» байқауы қорытындыланды. «Парасатты оқырман» жобасының мүшелері, 37 педагог зияткерлік және шығармашылық шеберлік кезеңдері бойынша ұсынылған 30 кітап негізінде «Менің өмірімді өзгерткен шығарма» тақырыбында эссе, бейнеролик, трейлер, фото, жарнама түріндегі материалдарын ұсынды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ІІ кезеңге өтпеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттарымен, ал үздік деп танылған жұмыстар арнайы номинациялармен марапатталды, ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан кітаптар сыйға берілді. «Парасатты оқырман» жобасының мүшесі, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы А.К. Ахметова СЕРТИФИКАТПЕН марапатталды.
"Оқу көшбасшысы"
03.11.2023 14:52
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж оқытушылары Ақжан Акимгалиқызы мен Қали Гүлдананың ұйымдастыруымен "Оқу көшбасшысы" тақырыбында викториналық ойын өткізді.1 зем "А" тобынан Сыдық Азамат ойын жеңімпазы атанып, Оралхан Бөкейдің кітабы табысталды.1 прог "А" тобынан қатысқан Жақсылық Тимур екінші орынды иеленіп, сыйлықпен марапатталды.
|