- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Электрмен қамтамасыз ету
(Электрмен қамтамасыз ету) мамандығының пайда болу тарихы
Адам өмірінің табылмас құралы энергия болып табылады. Нақты айтсақ электр энергиясы. Қазіргі таңда электрлендіруді дамыту, адамзат қоғамы үшін өте маңызды. Технологиялық прогресті электр энергиясыз елестету мүмкін емес.
1997 жылы «Талғар механизация техникумы» мен «Талғар ауыл шаруашылық техникумдарының» біріктірілуі негізінде құрылды. «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының тарихы 1949 жылдан бастау алады.
«Талғардың ауыл шаруашылығын электірлендіру ж/е механизациялау техникумы» өзінің тарихын 1945 жылдан бастайды. Еңбек өтілін 30 адамды оқытумен бастады. Колледж дәл бүгінге дейін 10000 түлекті дайындап шығарды.
Электрмен қамтамасыз ету
Мамандық коды: 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» Оқуға түсу үшін тапсырырылатын емтихандар: Математика, орыс тілі, қазақ тілі Қосымша тапсырылатын құжаттар: 11 класс бітірген түлектері үшін БҰТ сертификаты |
|
Оқу ақысы: 9 сыныптан кейін - бюджет Күндізгі формадағы оқу ақысы – 17000 тг |
Оқуға қабылдану конкурсы: 11 Сыныптар үшін: 40 балл 9 сыныптар үшін: 25-30 балл |
Арнайы пәндер
- Электротехниканың теория негіздері
- Дәстүрлі емес энергия көздері
- Ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету
- БЖА және ТПА (Басқарылу жүйелерінің автоматтандырылуы және техникалық процесстердің автоматтандырылуы)
- Ауыл шаруашылық электр қондырғы агрегаттарының автоматттандырылуы
- Электрлік машиналар мен аппараттар
- Электр энергия жүйесін есептеу
- Электрлік станциялар мен қосалқы станциялар
Болашақ мамандық
- Техник-электрик
- Техник-энергетик
Студенттер нені үйренулері тиіс
- Өлшеуіш аспаптармен жұмыс істеуді
- Электр құралдар мен электр қондырғыларын жөндеуді
- Жаңа технологияларды пайдаланып электр сұлбаларына жоба жасап, құрастыруды
- Электірлік ҚС-ң жүктемелерін есептеп шығаруды
- Технологиялық процесстердің әр түрінде автоматты басқарылуды жүзеге асырып, ойластырып құрауды
- Сұлбаларды компьютер арқылы құрап жобалауды игеріп шығады.
Учебный процесс
Техник–электрик бұл:
- Автоматтандыру ж/е электрлендіру уақытында ж/е арендалық ұжым мен шаруашылықтарына есептеуді жүргізу – маманы.
- Электр қондырғыларына, технологиялық монтаж жасау – маманы
- Өңдірістік процесстер автоматтандырылуын жөндеу – маманы.
Техник–электрик мамандарының жұмыс істей алатын бағыттары:
- Техник-электрик
- Электр диспетчер (байланысшы)
- Техник–электромеханик
- Участок энергетигі
«Электрмен қамтамасыз ету» сабағының зертханалық және тәжірибе жұмыстарын студенттер интерактивті тақтада, компьютерлерде сұлбаларды жинау арқылы білімдерін жетілдіру үстінде.
(Electronics Workebenchs) оқу стендтерін пайдалана отыра тәжірибелік қабылеттіліктерін арттыру үстінде.
«Электр жабдықтарын пайдалану ережелері және қауіпсіздік техникасы ережелерін тапсырып, студенттер 1000 В дейінгі рұқсат куәліктерін 2008 ж бастап ала бастады.
Сонымен қатар қосымша мамандықтарды, атап айтар болсақ 2-3 разрядты электр–слесарь және 2-3 разрядты электр монтер мамандық куәліктерін алып шығады.
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының студенттері «Электротехниканың теория негіздері» пәнінің зертханалық сабағында |
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының студенттері «Дәстүрлі емес энергия көздері» сабағында |
Студенттер «Ауыл шаруашылық Электр қондырғы агрегаттарының автоматтандырылуы» сабағында |
Өндірістік тәжірибе
Өндірістік тәжірибені студенттер «Алатау жарық компаниясында» және басқада ЖШС мен Жеке кәсіпкерлік компанияларында өтеді. Олар:
- ЖАҚ Алматы - ПАУЭР косалидэйтед - Талғар АЭС, Есік АЭС, Райымбек АЭС, Іле АЭС ж/е Ақсу аудандық электр станция
- (Бірлік) Агро фирмасы
- ЖШС (ТЭЛМЗ)
- Талғар ГАЗ
- ЖШС СК (Прогресс құрылыс)
- Алматы СНЭК – ФУД
- АҚ (Тас құм)
Аталмыш өндіріс мекемелері біздің студенттерге практика өтулеріне қол ұшын беріп отыр. Мамандықты еркін меңгерген студенттер жоғарыда аталып өткен өңдіріс орындарымен келісім-шартқа отырып, кейіннен тұрақты жұмыспен қамтамас етіледі. Бұл бітіруші түлектер үшін өте үлкен көмек болып табылады.
Тәжірибеде студенттер ҚС-ы, электр беріліс тартымдарын монтаждауды, электр жабдықтарын жөндеуді, энергияны тиімді бөліп таратуды, электр қондырғыларын эксплуатацияға беру ж/е қабылдауды үйреніп шығады.
|
|
Студент электр монтаждау практикасында |
(Электр қондырғыларын жөндеу ж/е пайдалану) сабағында студенттер электр қозғалтқыштарын жинау үстінде |
|
|
(Электр қондырғыларын жөндеу ж/е пайдалану) сабағында студенттер электр қозғалтқыш коллекторлардың кедергісін өлшеу үстінде |
(Ауыл шаруашылық тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету) сабағында, студенттер электр санауыштарын монтаждау үстінде |