- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Жерге орналастыру
Мамандық туралы тарихқа шолу
«Жерге орналастыру» мамандығы алғашкы рет 1987 жылы құрылған. Біздің мамандығымызға-24 жыл толып отыр.
2009 жылы – «Жол картасы» бағдарламасы бойынша алғашқы рет қазақ тілінде топ қабылданды.
1987 – 2011 жылдар аралығында, бітіруші «техник-жерге орналастырушылар» саны 329 маманды құрады.
Жерге орналастыру
Мамандықтың коды: «1511000 – Жерге орналастыру» Емтихандар: Математика, орыс тілі (қазақ тілі) Қосымша: 11 класс оқушыларына ҰБТ-дің сертификаты. |
Оқудың құны (күндізгі): 9 сынып базасында- бюджет 11 сынып базасында – 17000 тг |
Түсу кезіндегі конкурс: 9 сынып: 25-30 балл 11 сынып: 40 балл (ҰБТ сертификаты) |
Негізгі пәндер:
- Геодезия
- Геодезиядағы ақпараттық технологиялар(CREDO бағдарламасы)
- Жерге орналастыруды жобалау
- Жерге орналастыру сызуы
- Жер қатынастарын реттеу және жер кадастры
- Картография
- Жерге орналастыру жұмыстарының экономикасы және ұйымдастыру
- Фотограмметрия және түсірістерді дешифрлеу
Болашақ кәсібі:
- Техник-жерге орналастырушы
- Геодезист
- Техник - топограф
Нені үйретеді:
- Геодезиялық құралдарды (теодолит, нивелир, Leika электрондық тахеометрі, Disto электрондық алысты өлшеуіш) және копьютердің көмегімен геодезиялық өлшемдерді өңдеуге арналған (CREDO) бағдарламаларын пайдалануды.
- Жобаны негізге көшіру бойынша жұмыстарды орындау
- Жерге орналастыру және кадастр мақсаттарына арналған жобалау - іздестіру жұмыстарын жүргізу.
- Әртүрлі мақсаттағы аумақтарды жобалау.
- Жерге орналастыруды жүргізу кезіндегі құқықтық реттеуді жүргізуді.
- ҚР жер ресурстарын пайдалануды және қорғауды бақылауды жүзеге асыру.
Мамандық біліктілігі: техник – жерге орналастырушы
Оқыту нысаны: күндізгі
Оқыту нысанының нормативі: 9 сынып базасында 3 жыл 6 ай
Техник-жерге орналастырушы - жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық, облыстық комитеттің жерге орналастырушысы лауазымын, техник топограф, дешифрлеуші, алаңдарды есептеу бойынша техник лауазымын игерумен байланысты кенттік, ауылдық, селолық округтердің апараттарында, өндірістік коонеративтерде жерге орналастыру жұмыстары үшін дайындалады.
Техник-жерге орналастырушы – бұл:
- Жерге орналастыру, картография және геодезия саласындағы мемлекеттік мекемелердің маманы;
- Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу бойынша ұйымдар мен мекемелердегі технологиялық операцияларды ұйымдастыру және басқару жөніндегі маман.
Техник – жерге орналастырушы келесі бағыттарда жұмыс істей алады:
- Техник – топограф;
- Техник – жерге орналастырушы;
- Геодезист және басқа.
Сонымен бірге:
- «Техник-топограф» біліктілігін алады.
Оқу үрдісі
Техникалық саланың маманы - ол біздің ертеңіміз...
Н.Ә.Назарбаев
Оқу үрдісіне кешенді CREDO бағдарламасының ақпараттық технологияларын енгізу мамандар даярлау сапасын жақсартуға, олардың жерге орналастырудағы осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдаланудағы кәсіби және арнаулы құзіреттілігін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Арнаулы бағдарламалардың көмегімен далалық өлшеулерді камералық өңдеу |
Оқу тәжірибелері:
Нивелирлеу, теодолиттік түсіру | |
|
|
Геодезиядағы ақпараттық технологияла, Leika, (УОМЗ) 3Та5Р электрондық тахеометрлерімен жұмыс істеу барысында |
Өндірістік тәжірибелер
Жерге орналастыру мамандығының үшінші және төртінші курс студенттері оқу кестесіне сәйкес «Жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», «ГИСХАГИ», «Жер қатынастары мемлекеттік мекемес»і, «КазГеоКарт», «Сәулет және қала құрылысы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны» базасында өндірістік (технологиялық және диплом алдындағы) тәжірибеден өтеді.