- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Ауылшаруашылығын механикаландыру
МАМАНДЫҚТЫҢ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ
Талғар техникумы «ауылшаруашылығын механикаландыру және ауылшаруашылығын электрлендіру» мамандығының тарихы 1945 жылдан басталады. Техникум алғаш жұмысын 30 оқушыдан бастады. Бүгінгі күнге дейін 10000-нан астам маман даярлап шықты. Біздің мамандығымызға-66 жыл толып отыр.
1997 жыл - алғашқы қазақ тілінде қабылданды. 1997 жылдан бері «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «техник-механик» біліктілігі берілуде. Әр жыл сайын тегін оқуға «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығына үкімет тарапынан 25-50 орын беріліп отырады.
Ауылшаруашылығын механикаландыру
Мамандықтың коды 1510000 – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Түсу емтихандары Математика, Қазақ тілі Қосымша сынақтар |
|
Оқыту құны 9-сынып негізінде – бюджет Сырттай оқу нысаны - 10000 тг |
Түсу кезіндегі конкурс 9-сыныпқа арналған – 25-30 балл |
Негізгі пәндер
- Тракторлар және автомобильдер
- Механикаландырылған жұмыстар технологиясы
- Мал шаруашылығына арналған ауыл шаруашылық машиналары және жабдықтары
- Жол қозғалысының ережесі
- Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Еңбекті қорғау
Болашақ кәсібі
- Техник-механик ТЖО, МТС
Нені үйретеді
- Компьютерлік жабдықтармен басқарылатын Activboard және Boxford компаниясы ұсынған токарьлық және фрезерлік станоктарда мамандандырылған оқыту.
- Қозғалтқыштарды шашу және жинау
- Механикалық, гидравликалық, пневматикалық, сондай-ақ тренажерлік станоктарда жеке технология бойынша оқыту
- Газ және электрмен дәнекерлеуге оқыту
- Слесарьлық істің дағдыларын оқыту
- Тракторлар мен автомобильдерді жөндеу технологиясын оқыту
- Ауыл шаруашылық машиналарын ретке келтіру және жөндеуді оқыту
Техник-механик - бұл:
- Шаруашылық есептегі және жалдамалық ұжымдардағы механикаландыру және автоматтандыру саласындағы маман - жетекші
- Техникалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша технологиялық операцияларды орындаушы маман
- Өндірістік үрдістерді автоматтандыру құралдарын жөнге келтіру бойынша маман
Техник-механик келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
- Техник-механик
- Инженер
- Автомобиль шаруашылығының меңгерушісі
- Осы заманғы технологиялық жабдықтарды жөнге келтіруші.Сонымен қатар студенттер «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша механикалық тораптарды шашу және жинау бойынша тапсырмаларды орындағаны үшін зертханалық және тәжірибелік сабақтарда тапсырмаларды орындау үшін Activboard және Boxford компаниялары ұсынған жабдықтарды пайдаланады.
Оқу процесі
Арнайы пәндер оқытушысы Айтбаев Жандос Есімханұлының «Машиналар мен құрал - жабдықтарды жөндеу технологиясы» пәні бойынша «Бөлшектерді сұйық металл құю арқылы қалпына келтіру» тақырыбында интерактивті тақтамен симулятор арқылы сабақ беру сәті. | |
Арнайы пәндер оқытушысы Айтбаев Жандос Есімханұлының «Жылу техникасы және гидравлика негіздері» пәні бойынша «Бөлшектерді сұйық металл құю арқылы қалпына келтіру» тақырыбында интерактивті тақтамен симулятор және тренажер арқылы сабақ беру сәті | |
Арнайы пәндер оқытушысы Бекбосынов Санат Дарубайұлының «Конструкциялық материалдар технологиясы» пәні бойынша Англияның Boxford компаниясы ұсынған компьютермен басқарылатын фрезерлік оқу станогында жұмыс жасауда | Арнайы пәндер оқытушысы Бекбосынов Санат Дарубайұлының «Конструкциялық материалдар технологиясы» пәні бойынша Англияның Boxford компаниясы ұсынған компьютермен басқарылатын токарлық оқу станогында жұмыс жасауда |
Арнайы пәндер оқытушысы Төлегенова Гүлжахан Нүптекейқызының «Еңбек қорғау» пәні бойынша студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуде | |
Арнайы пәндер оқытушысы Білдебаев Талғат Нұрғожаұлының «Мал шаруашылығына арналған ауылшаруашылық машиналары мен құрал-жабдықтары» пәні бойынша студенттерге дәріс беруде | |
Арнайы пәндер оқытушысы Мустафин Бағдат Рахметуллаұлының «Жылу техникасы және гидравлика негіздері» пәні бойынша «Гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызы» тақырыбында интерактивті тақта және Тренажерлерді пайдаланып сабақ беру сәтінен |
Тәжірибе
Оқытушылардың мамандық бойынша тәжірибелік сабағының жүргізу сәті.
Біздің ауылшаруашылық мамандығы бойынша тәжірибелік сабақ өзіміздің оқу өндірістік тәжірибе орнында өтіп отырады. Тәжірибе орнында қажетті техникалар мен станоктармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, тәжірибе «МТС фермер шаруашылығында», СПХК «Колхоз-Алматы» шаруашылығында және т.б өндірістік орындарда өтеді.
Техник-механик мамандығы мынандай бағыттарда жұмыс істей алады:
Техник-механик машина тракторлары паркінде техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, пайдалану бойынша маман. МТС, фермер шаруашылығында, акционерлік қоғамдарда, агросервис ұйымдарында механик қызметтерін атқарады.
Студенттер жетістіктері
Т.Рысқұлов атындағы стипендиант - 2008 жыл. Мұстафин Бағдат Рахметуллаұлы. «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының 3 курс студенті. |
|
Б.Карентаев атындағы стипендиант - 2010 жыл. Сейфолла Шалғын. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 1 курс студенті. |
|
«Астана - ару қала» байқауының жеңімпазы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 4 курс студенті Сарыбаев Айбек | |
Оқытушы: Төлегенова Г.Н. мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 4 курс студенті Таңатар «Астана – 2007» конкурсының жүлдегері |