- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Топ жетекшілері туралы ереже
ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТОП ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Колледждегі оқы топтарындағы оқу, тәрбие жұмысын жүргізу мен ұйымдастырудағы жетекші рөл топ жетекшісіне жүктеледі. Ата-анамен байланыс, оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, топтағы тәртіпке, сабақ үлгеріміне тікелей топ жетекшісі жауап береді.
1.2. Білікті оқушылар ішінен колледж директорының бұйырығымен топқа жыл бойы топ жетекші тағайындалады. Тәрбие жұмысы саналы болуы үшін бір топқа ғана бір топ жетекшісі тағайындалады.
1.3. Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы бөлім меңгерушісі оқытушылар, топпен жұмыс жасаушылар, тәрбиешілер мен менеджерлер, колледждің жастар кеңесі және ата-аналармен тығыз байланыста жүргізілуі қажет.
1.4. Топ жетекшісі студенттердің жалпы дамуымен жас ерекшеліктерін ескере отырып, 13 бағыт бойынша топ жетекшісі патриоттық интеллектуалдық, еңбекқорлық, дүниетанымдық тәрбиені ұйымдастыру.
1.5. Ол оқушылардың ерік-жігерін тәрбие диагностикасын іске асырады және өзінің тәрбие саясатын диагностика нәтижелері негізінде қалыптастырады.
1.6. Колледждегі тәрбие жұымысының координаторы (директордың орынбасары) топ жетекшісінің саналы жұмысымен тікелей басшылығын бақылауына алады.
ТОП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1.Топ жетекшісінің құқығы:
2.1.1Өзінің тобындағы оқушыларды колледждегі қоғамдық өмірдің барлық деңгейінде ат салыстыру
2.1.2.Оқу сабағына, барлық емтихандарға, курстық және дипломдық жұмысты қорғауға қатынасу.
2.1.3. Педагогикалық кеңес пен колледж дирекциясына оқитын топтарды көтермелеуге ұсыныс жасайды (колледждегі қалыптасқан жүйе бойынша марапаттау және жазалау).
2.2. Топ жетекшісінің міндеті:
2.2.1. Колледжде оқушылардың жыл бойы оқу кезеңінде олардың жан-жақты біліктілікпен қамтамасыз ету: өзін өзі тану, еңбектену, физикалық, қоғамдық, коммуникативтік.
Біліктілік әр деңгейде болуы керек және орындаушылықта өз бетімен жұмыс жасауда талаптылықта, алғырлықта көрсете білу қажет.
2.2.2. Оқушыларды адамдық рухпен ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамға қарсы көзқарас, пікірге мойын ұсынбаушылықты дағдыландыру. Өзін-өзі тәрбиелеу мен білім жетілдіруге үйрету.
2.2.3. Отбасындағы қарым-қатынасты, оқушылардың сауалы мен ұйымшылдығын, қызығушылығын терең және жан-жақты зерттеу.
2.2.4. топ сағаттарының тақырыбын, олардың жүргізу әдісімен тәсілін жетілдіру. Топ сағатын қырық минуттан өткізу керек, сонымен қатар топ жетекшісі мен топ оқушыларының сынып сағаттарының ұзақтығы 40 минут болуы керек, сынып жетекшісі мен топ оқушыларының осы қызметі оқу қызметінің 1,2,3,4 деңгейлеріне сәйкес келуі тиіс.
2.2.5. Жастар кеңесі мен колледж менеджерлері тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.
2.2.6. Іс-шараның өткізу мен ұйымдастыруда топ бюелсенділеріне көмек көрсету.
2.2.7 Оқушыларды үйірмелік, тәжірбиелікпен зерттеушілік жұмысқа тарту.
2.2.8. Үлгермейтін оқушылардың себептерін жою және оны анықтау, уақытында көмек көрсету.
2.2.10. Қажетті құжаттарды жүргізу. Топ жетекшісінің жүргізген жұмыстарын журналға белгілеу, топ оқушыларына мінездеме жазу
2.2.11. Іс-шараны іске асыру, оқушылардың контингентін сақтауға бағыттау.
2.2.12. Оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынаста жиі байланыста болуы.
2.2.13. Оқушылардың тәрбиесін жақсартуда инновациялық ұсыныстарға оң көзқарас таныту, тәрбиелік тұрғыдан тәжірибелік акцияға қатынасу, колледждің педагогикалық кеңестің жүргізілген шешімі бойынша.
2.2.14. Топ жетекшісінің міндеттемесі ретінде заңдылық және азаматтық жауапкершілікті жүктеу.
3. ТОП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
3.1. Топ жетекшісінің жұмысын жоспарлы түрде жүргізіледі. Колледждегі тәрбие жұмысын қазіргі кезеңде жоспарлау үшін ұстанымдарын мақсатты түрде анықтау, іс-шараның тәрбиелік мақсатымен бағытын тәуелсіздік алғаннан бері ҚР негізгі елеулі кезеңдерді топ сағаттарының тақырыптарын тізбелеу және диагностика нәтижесінде жеке тұлғаның санасын анықтау қажет.
3.2. Топ сағаттарын өткізу мен ұйымдастыруға, шығармашылық жолға мақсатты түрде қамтамасыз етуде.
Топ жетекшілер мен студенттерге 1 курстарда 15-20 % тақырыптарын жоспарлау жүктеледі, 2 курста 20-30% ал 3 курста 35-50% .
3.3. Топтағы тәрбие жұмысын жүргізу мен жоспарлауға көмек көрсету мақсатында топ жетекшілерінің мамандықтарын көтеру, олардың қызметтік координациясының жүзеге асуына колледжде алдыңғы қатарлы тәжірибе тарату мен кеңейту топ жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі құралады, осы үйірмелер курстың ұстанымдарымен жұмыс жасайды.