- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Попечительский совет
Алматы облысы, «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қамқоршылық Кеңесі туралы
Ережесі
Қамқоршылық кеңесі – білім беру мекемесін басқарудың қоғамдық әдісі.
Бұл мемлекеттік емес, үкіметтік емес, қоғамдық, бейкоммерциялық, білім берудің және нақты білім беру мекемесінің дамуына мүдделілерді өз еркі негізінде біріктіретін ұйым.
- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ата-заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерінежәне Қазақстан Республикасының басқа ережелі-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1.2. Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітілген 2017 жылғы 27 шілдедегі№ 355бұйрығын, сонымен қатар Колледж жарғысын негізге алады.
1.3. Қамқоршылық кеңесі әлеуметтік серіктестікті кеңейту және кәсіптік білім беру жүйесінде басқарудың қоғамдық-азаматтық әдістерін дамыту, колледжге білім алушылардыоқыту мен тәрбиелеуге көмектесу мақсатында Колледж әкімшілігінің бастамасымен және Педагогикалық кеңес шешімі негізінде құрылады.
1.4. Қамқоршылық кеңесі заңдық тұлға болып саналмайды. Қамқоршылық кеңес құрылымының тәртібі, өкілеттілігі, мақсаттары, құқықтары Колледждің қамқоршылық кеңес пен Педагогикалық кеңес шешімімен бекітілетін осы Ережемен анықталады.
1.5. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқару органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
1.6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттілігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2.Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері
2.1. Колледждің даму стратегиясын, сонымен қатар олардың іске асырылуына, дамуына бағытталған ұсыныстар, бағдарламалар, жобалар әзірлеу;
2.2. Колледждің оқу, ғылыми және әлеуметтік-тұрмыстық нысандары құрылысына, жабдықтар, құралдар, ұйымдастыру техникасы құралдарын сатып алуға көмектеседі.
2.2. Студенттердің тәжірибеден өтулері мен Колледж бітірушілерін жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға көмектеседі.
2.3. Әлеуметтік жағдай төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың мүдделерін әкімшілік тарапына ұсынады.
2.4. Тәуелсіз бақылаушы ретінде емтихандарға қатысып, заң бұзушылықтың алдын алуға өз үлестерін қосады.
2. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы
2.1. Баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырылады.
2.2. Қамқоршылық кеңестің құрамын білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді, бұйрық негізінде шығарылады және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылды.
2.3. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
- жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестіктердің өкілдері;
- ата-аналар комитеті ұсынған білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар (бар болса)
2.4. Білім беру ұйымының жағынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.
2.5. Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1- тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
2.6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құралады.
2.7. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
2.8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды.
2.9. Камқоршылық кеңес басшысы (Төраға), қамқоршылық кеңес отырысында ашық дауыс жолымен дауыстар басымдығымен сайланады. Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
2.10. Төраға Қамқоршылық кеңесінің атынан арнайы өкілеттіліксіз әрекет ете алады, оны білім беру мекемелеріне, мемлекеттік органдарға және тағы басқа жақтарға ұсына алады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің жұмысын Қазақстан Респуликасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес, ұйымдастырып, оның қызметін жүзеге асырады. Төрағаның орынбасары Қамқоршылық кеңесімен сайланады. Хатшы Қамқоршылық кеңесімен сайланып, Қамқоршылық кеңесінің іс-қағаздарының жүргізілуіне жауап береді.
2.11. Қамқоршылық кеңесінің өзінің құзыреттілігіне байланысты сұрақтары бойынша шешімі отырыста қатысқан кеңес мүшелерінің ашық сайлау түрінде өткізіліп, дауыстың көпшілігімен шешіледі. Егер «қолдаушылар» мен «қарсылар» дауыстары тең келсе, шешуші дауыс Төрағаның дауысы болып есептеледі.
2.12. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.
3. Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі
- мүшеліктің еріктілігі;
- Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құқықтарының теңдігі;
- басшылықтың алқаластығы;
- қабылданған шешімдердің жариялылығы;
- ашықтығы.
Колледж білім алушыларына жан-жақты, сонымен қатар қайырылымдылық көмек көрсетуге:
- Білім беру ұйымдарының білім алушыларының құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
- Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
- білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; - Колледждің білім беру дамуын қамтамасыз ететін ғылыми, өндірістік, құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу;
- Материалды-техникалық базаның нығаюына, колледж шекарасын және ғимаратын аббаттандыруға, шеберханалар мен оқу бөлмелерін жабдықтауға, оқу құралдарын, оқу әдебиеттерін, оқытудың техникалық құралдарын, сонымен қатар есептеу техникасын алуға көмектесу;
- Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру;
- Колледж бітірушілерін жұмыспен қамту ісіне көмектесу;
- Медициналық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру шешіміне қатысу;
- Түрлі деңгейдегі білікті мамандармен кездесулер ұйымдастыру (заңгерлермен, медициналық қызметкерлермен және т.б.);
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» МКҚК мен басқа білім беру және мәдени мекемелермен ынтымақтастығын дамытуға қатысу;
- Байқаулар, жарыстар және тағы басқа сабақтан тыс көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын, дүние-мүлікті қорғауды қамтамасыз ету;
- Қоғамдық тәртіпті сақтау;
- Білім алушылардың топтардың ата-аналар кеңесімен жұмыс жүргізу;
4. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі.
4.1.Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрайымы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
4.2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылыө кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады. Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық метариалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
4.3. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
4.4. Қамқоршылық кеңес отырысты жұмыс жоспарына сәйкес жылына екі реттен кем емес өткізеді. Кезектен тыс отырыстар Кеңес төрағасы немесе мүшелерінің және колледж әкімшілігінің талабы бойынша, қажеттілікке байланысты өткізілуі мүмкін;
4.5. Колледж Қамқоршылық кеңесінің жұмысына ұйымдастыру-техникалық қызмет көрсетіп, сонымен қатар оның жұмысы үшін бөлме мен техниканы, іс қағаздарын сақтайтын орын, іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерді бекітуді ұйымдастырады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
5.1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.
5.2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:
1) өз бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.