- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары
Жақсы маман қалыптастыру ағаш өсіргенмен тең. Бұл
жұмыс жағдай мен уақытты талап етеді. Көшетке
қанша су құйса да, оның ұшар басы апталар немесе
айлар ішінде зәулім бола алмайды.
Стефан Цвейг
Әдістемелік кабинеттің мақсаты:Оқытушылардың кәсіптік біліктілігін жетілдіру және өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету.
Әдістемелік кабинет мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешеді:
- Педагог қызметкерлерге кәсіптік қызметін жүзеге асыруда оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді және оқытушылардың шеберлігін жетілдіреді.
- Оқу-әдістемелік, ғылыми-теориялық, нормативтік және құқықтық құжаттаманың ақпараттық деректер банкін құруда.
- Заманауи білім беру технологияларын, озық педагогикалық тәжірибені зерделейді, таратады және енгізеді.
- Білім беру ұйымында оқу үдерісін жүргізу үшін білім беру бағдарламаларын, оқулықтар, оқу-әдістемелік және оқу құралдарын, әдістемелік әзірлемелерді әзірлейді, сараптайды және оларды баспаға дайындайды.
- Жас мамандар мен колледжге жас қабылданған оқытушылардың кәсіптік өсуі үшін жағдайларды ұйымдастырады және жасайды.
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары:
- Білім беру үдерісін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және жаңарту.
- Педагог қызметкерлерді педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиет жаңалықтарымен таныстыру.
- Заманауи әдістемелерді және жаңа педагогикалық оқыту технологияларын зерделеу, жүйелеу және енгізу.
- Инновациялық, эксперименталдық жұмысты дайындау және өткізу, білім беру ұйымдарының инновациялық жобаларының іс-қимылдарын үйлестіру.
- Жас мамандарға заманауи тәсілдерді және озық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге көмектесу.
- Педагогикалық қызметті жетілдіруде -педагогқа ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
- Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастыру.
- Білім алушылардың және оқытушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру.
- Білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметінің тиімді жұмысы үшін нормативтік және құқықтық құжаттама әзірлеу.
- Редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру.
- Білім беру ұйымдарының оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша жұмыс жүргізу.
- Педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметін жетілдіру мақсаты бар педагогикалық семинарлар, педагогикалық оқулар, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б. жұмысын қамтамасыз ету.
- Әдістемелік көрмелер ұйымдастыру.
- Педагогикалық, дидактикалық және басқа да мәселелер бойынша топтық және жеке консультациялар ұйымдастыру.
- Білім алушыларды сабақтан тыс оқыту нысандарын жетілдіру.