- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
2011 жылдан бастап «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы ашылып, қазіргі уақытқа дейін білікті мамандар даярлануда.
Әр жыл сайын тегін оқуға «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»мамандығына үкімет тарапынан грант бөлініп отырады.
Қазіргі заман – ғылым заманы. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, агроехникалық кафедрасының оқытушылары білім беру мақсатында қазіргі сұраныс талабына сай, жаңашыл ғылыми көзқараспен жұмыс істеуде. Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес білім алушыларға бүгінгі таңда, тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Білім алушылардың танымдық іздемпаздық қабілетін арттыруға кафедра мүшелері көп көңіл бөлуде. Әр оқытушы өз ісіне ерекше шығармашылық көзқарасымен қарайды. Әр оқытушының еңбегі нақты проблеманы зерттеуге арналған. «Агротехникалық» кафедрасында 16 оқытушы дәріс береді.Кафедраның барлық оқу дәрісханаларында кафедра мамандықтарына қажетті интерактивті тақталар мен компьютерлік оқу бағдарламалары пайдаланылады. Сондай-ақ кафедрада арнаулы зертханаларды жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осындай ұлағатты ұстаздарымыз: Сатылғанов Жақсылық Қасабекұлы, Шалатаев Бейсенбек Жолдыбекұлы, Бейсембиев Қалыбай Арынұлы, Верещагин Леонид Николаевич, Ералиев Қалмахан Абдуллаұлы, Білдебаев Талғат Нұрғожаұлы. Сондай-ақ, мамандыққа деген сүйіспеншілік, педагогтық парыз, жауапкершілік педагогтың әдептілігі, өзіне-өзі сенімді болу қасиеттерін көрсетіп, өзінен кейін жас мамандарға тәлімгер болып жүрген ұзтаздарымыз Төлегенова Гүлжахан Нүптекеқызы, Тукусбаев Болат Ашенұлы, Мұқанов Бекқали Мұқтарбекұлы, Айтбаев Жандос Есімханұлы, Бекбосынов Санат Дарубайұлы, Мұстафин Бағдат Рахметуллаұлы сонымен қатар, кешегі түлек – бүгінгі маман жас ұстаздарымыз Жингилбекова Салтанат Несипжанқызы, Есқали Еркебұлан Бақытұлы, Жабаева Лаура Елікбайқызы, Садықова Ғазиза Абдуллақызы, Қырғызбаев Бахыт Мақсутұлы, Абдыхаликов Ерік Қазыбекұлы өз пәндерінен сабақ кезінде кейс, модульдік технологияларын қолдана отырып және өздерінің теория жүзінде берген білімдерін тәжірибемен ұштастырып, білімділіктерін көрсетуде. Кафедра оқытушылары өз пәндерінен оқу әдістемелік кешендерді (ОӘК) дайындап, сабақ өту барысында пайдалануда.
Тұлғаның жан-жақты дамуы – білім берудің ғаламдық мақсаты. Қазіргі педагогика адамзаттың мұқтаждықтарына жауап беретін білім беру мақсаттарына сәйкес қоғамды қайта құру мен дамытудың әлеуметтік рөліне көңіл бөледі. Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіуде. Осыған орай білім беру қызметіне жаңаша қарау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу, ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу –бүгінгі күннің басты талабы.
Кафедрамыздың тәжірибесі мол ұстаздарымыздың бірі Шалатаев Бейсенбек Жолдыбекұлының «Ауылшаруашылық машиналары» пәнінен студенттерге тәжірибе жүргізуде
Бейсембиев Қалыбай Арынұлының«Автокөлік құрылымы» пәнінен студенттерге сабақ жүргізу барысында
Тукусбаев Болат Ашенұлының «Тракторлар мен автомобильдер» пәнінен студенттерге сабақ жүргізу барысында.
Жас маман Жингилбекова Салтанат Несіпжанқызының
«Электроника негізіндегі автомобиль электр жабдықтары»
Осы мамандықта оқып жүріп студенттеріміз қосымша жұмысшы мамандықтарын алады:
- Жөндеу-техника жабдығында жұмыс істеу;
- Темір-ұста;
- Механика білімін;
- Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу үшін пайдаланылатын станоктарды жөндеу, сақтау бойынша жұмыс істеуді;
- 1 класты тракторист – машинист;
- 2-3 санатты дәнекерлеуші.
Кафедрамыздың ұлағатты ұстаздарымыздың біріАйтбаев Жандос Есімханұлытехникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында “Ең таңдаулыоқытушы – 2011”атты облыстық байқауында бас жүлденің иегері атанды.