- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі ұжымы Елбасы жолдауын тыңдады
2018 жылдың қараша айының 5 жұлдызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауын жариялады. Биылғы жолдау халықтың әлеуметтік, экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі негізгі міндеттемелерге арналды. Ал Талғар агробизнес және менеджмент колледжін ұжымын аса қуантқан бастама-ол 2019 жылдан бастап "Педагогтар мәртебесі" туралы арнайы Заңның қабылданатындығы. Сонымен қатар -2019 жыл "Жастар жылы" болып жариялануы, колледжіміздің білім алушыларына үлкен серпіліс бергендей. Бұдан бөлек халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы бастамалар да ұжым мүшелерін бей-жай қалдырған жоқ. Минималды жалақының 1,5 есеге өсуі, өзге де бюджеттік мекеме қызметкерлері жалақысының 35% өсіру жөніндегі жаңалықтар көпшілікке ұнағаны сөзсіз. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ұжымы мен білім алушылары Елбасы жолдауын тікелей эфирде колледж конференция залында тыңдады. Оқу орнының басшылық және оқытушылық құрамы мен білім алушылары жолдауда айтылған барлық бастамаларды талқылауда.