Президенттің Жолдауын талдау мақсатында облыстық «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері колледж білім алушыларымен арнайы кездесу.
Өздеріңізге белгілі 2018 жылдың 5 қазаны Қазақстан халқы үшін өте маңызды күн болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттері жайындағы«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Президенттің Жолдауын талдау мақсатында облыстық «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері колледж білім алушыларымен арнайы кездесу өткізді. Жиын барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі- студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. «Ауыл» париясының серіктестерінің бірі «Байсерке Агро» Агрохолдингінің демеушілігімен 250 орынға шақталған жатақхананың жобалық-сметалық құжаттары да дайындалып, жоба алдағы 3 жылда жүзеге асырылмақ. Бұл қуанышты жаңалықты естіген колледж білім алушылары партия өкілдеріне ризашылық сезімдерін білдірді.