- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
100 Жылдық мерей той аталынып өтілді
Білім ордасының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Ұлы М.Бейсебаев есімімен аталатын қара шаңырағымыздың биыл 100 жылдық мерейтойы. Колледж мерейтойы – бұл оқытушылар, қызметкерлер ұжымы, оқушылар мен түлектер үшін ғана емес, аймақ жұртшылығы үшін де айтулы мереке.
М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі іргетасын қалағаннан бері білім-ағарту жүйесіндегі орны ерекше қара шаңырақ. Республика деңгейінде бірнеше мәрте сапалы білім ордасы екенін дәлелдеген, заман талабына сай оқу орындарының ішінде ойып орын алатын беделі мен атағы бар біздің оқу ордасына биыл 100 жыл толып отыр. Колледжіміздің ұстаздары талантты жасөспірімдерді қажымай-талмай дәрістеп келе жатыр. Білім нәрімен сусындаған колледж түлектері, бірі өз білімдерін жер шарының атаулы жоғарғы оқу орындарында дәлелдеп қана қоймай, еліміздің өркендеуіне ерен үлестерін қосып жатса,енді бірі өзі білім алып шыққан ордасына оралып, ұстаздарының жолын жалғастырып келеді.
07.12.2018ж Колледжіміздің 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталынып өтілді.