- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Білікті маман - ұлт болашағы
05.03.2019 күні 100 жылдық тарихы бар, елімізге қажет мамандарын дайындап жүрген Талғар агробизнес және менеджмент колледжі өз түлектеріне диплом табыстау рәсімін өткізді. Игілікті шара қаламыздағы аудандық мәдениет сарайында өтті. Оған ұстаздар ұжымы, ата-аналар және шақырылған қонақтар мен қатар білімалушылар және түлектер қатысып, мереке көркін қыздыра түсті.Биыл білім ордасын 148 білімалушы тамамдады.Мерекелік кеште колледж директоры Сатылғанов Жақсылық Қасабекұлы түлектерге ақ жол тілеп, ата-анасы мен ұлағатты ұстаздарының үміттерін ақтап, биіктен көрінулеріне тілек білдірді.
Қазіргі таңда колледж түлектері облысымыздың ірі өндіріс орындарында табысты еңбек етуде. Осыған орай, биылғы бітіргелі отырған түлектер де ,өз жұмыс орындарында беделді де, білікті маман ретінде көрсете алатындығына сенімін білдірді.