- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ!!!
2019 жылдың қыркүйек айының 1-і күні колледжімізде студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты тақырыпта мерекелік концерт өтті. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж директорының орынбасары Бозымбекова Динара Боларбекқызына берілді. Салтанатты жиын барасында оқытушыларды, ата-аналарды және колледж табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 курс студенттерін 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы - білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. Студенттерге жаңа шындарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал оқытушыларға шыдамдылық, шығармашылық құлшыныс тілейміз! Сонымен қатар топ кураторлары 1 курс студенттерін колледждің ішкі тәртіп ережесімен, оқу кестесімен, оқытушыларымен таныстырды.Студенттердің білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!!!