- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа алғашқы жолдауы!
Қыркүйектің 2-сі күні Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауын жолдады. Осыған орай колледжіміздің мәдениет үйінде оқытушылар мен білім алушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауын бірге тамашалап, талқыланды. Тоқаев Қазақстан жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келе жатқанын атап өтті. "Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында.