- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты шараға, өскелең ұрпаққа өнегелі істерімен, білім нәрімен сусындатқан, тәрбиелерімен үлгі болған қарт ұстаздарымыз 100 жылдық тарихы бар колледжімізге шақыртылып, сый - құрметке бөленді."Ақылды қария - ағып жатқан дария" деп тегін айтпаған. Асыл қарттарымыз- бәйтерек болса, біз содан тараған жапырақтарымыз. Қадірлі де, құрметті ғой әрқашан, Қарттар күні ұмытылмас ешқашан... Жүрейікші қарт кісіні аялап, Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап... Қайран қазақ қарттары, қадірменді, Сіздерге Алла биіктің бәрін берді, Мына әлемде таба алмас еш адамзат, Өздеріңдей білікті тәлімгерді....-, деген өлең жолдарын арқау тұтып, колледж басшысы Жақсылық Қасабекұлы қарт ұстаздарымызға жақсы тілегін арнап, денсаулықтарына амандық тіледі. Ұстаздарымыз бір- біріне жүрек жарды тілектерін жолдады. Осы орайда, атап айтатын жайт, 90 жастық мерейтойын атап өткелі отырған ардагер қарт ұстазымыз Мұхтар Қайырбекұлы жас ұстаздар мен тәлімгерлерге ақ бактасын арнады. Қарт ұстаздарға арналған отырыс, білім алшушылардың ән-биімен көркемделген мерекелік кешімен жалғасын тапты. Бүгінгі күн - кешегінің жемісі, ертегінің өркені. Еңсесі биіктеген еліміздің қанатын кеңге жаюы мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды....