- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Ұстаз- ұлағатты есім
There are no translations available.
Ұстаз ісі сырттай қарапайым көрінгенімен- тарихтағы ең ұлы істің бірі. Олар берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Білім алушылардың ең сенімді, сыр жасырмай ашық айтатын адамы- тәрбие мен білім нәрін сусындатқанда талмай жан- тәнімен берілетін ұстазы... Осы орайда бүгін төл мерекеге арналып, білім ордамызда "Ұстаз- ұлағатты есім" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Колледж директоры барша оқытушы қауымын "Алғыс хаттармен" марапаттаса, ал білім алушылар кешті ән- бимен көркемдеді. Ұстаздарды құрметтеген білім алушыларға оқытушылар шексіз алғыстарын жаудырды. Бар білімін, тәжірибесін білім алушылармен бөлісіп жүрген аталмыш колледж оқытушыларын төл мерекесімен тағыда құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!