- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Студенттер қатарына қабылдау!
Жүректерді жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына бүгін тағы бір мерекенің отын лаулатып, 2019-2020 оқу жылының " студенттер қатарына қабылдау" рәсімін атап өтуге, барша аталмыш колледж оқытушыларымен, студенттерімен және қадірлі қонақтармен, әрине сонымен қатар ардагер ұстаздармен бас қостық. "Студенттің басты мақсаты- білім алу, болашақ маман иесі атану",- деп сөз алған колледж директоры, барша студенттерді бүгінгі атаулы күндерімен шын жүректен құттықтап, арнайы студенттік билеттерін, сынақ кітапшаларын салтанатты түрде табыстады. Білім алушылар, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан "ант қабылдау" рәсімінде ұмыт қалдырмады. Бұл атаулы мерекеге келген кеш қонақтары мен ардагер ұстаздар сөз алып, студенттік қызықты кезеңдерді еске алып, жылы лебіздерін білдірді. Атаулы мереке- білім алушылардан құралған хор, ән-биге ұласты.