- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Ел ертеңі - жалынды жастар
Құрметті жайдарман сүйер қауым!
М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде кезекті жыл сайынғы колледж білім алушылар арасындағы "Ел ертеңі - жалынды жастар" атты «Жайдарман-2019» көңілді тапқырлар сайысынан КОЛЛЕДЖ КУБОГЫ сарапқа салынады.
МАҚСАТЫ: Ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, колледж білім алушылары арасында «Жайдарман» ойындарын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету, колледж білім алуышыларының қоғамдағы орындарын нақтылау.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жастар ісі жөніндегі комитет», «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысының жетекшісі.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАЛАРЫ: Қазақ эстрада жұлдыздары, колледж әкімшілігі, т.б .
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР
1. Сәлемдесу (7 минутқа дейін). Бұл бөлімде қатысушы командалар оқитын топтарын және өз командасын әзілмен таныстырады. Команданы әділ-қазылар алқасы 2-ден 5-ұпайға дейін бағалайды.
2. Бес жаңалық. Әр команда қызықты әзіл айтулары керек.
ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Жайдарман ойыны 2019жылдың қараша айының 14 күні, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің мәденет үйінде өткізіледі. Редакторлық жұмыс: 2019жылдың 12-13 қараша күндері Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің мәденет үйінде сағат 12:00де өткізіледі.
Басталуы: 14 қараша сағат 14.00 де.
Редакторлық жұмыс бойынша қосымша ақпарат: 87076551061 №328 кабинет