- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Ішкі талдау нәтижелері
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 2020жылдың өткен кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалы анықтама
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерттеу мақсатында 2020 жылда (белгілі бір мерзім) құрамында колледждің «Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы колледжге қатысты келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:
1) Колледжде ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Оқу бөлімі, қаржы есептері қызметін қозғайтын ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау жүргізу негіздемесі
«Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ директорының шешімі.
1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат:
1) ұйымдастыру-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
кәсіби іріктеу мен жұмысқа қабылдау персоналды тиімді басқарудың қажетті құраушысы және мүдделер қақтығысы үшін жағдайлар мен ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау немесе барынша азайту құралы болып табылады.
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Бос лауазымдарға кадрларды іріктеу тәртібі Колледждің келесі ішкі құжаттарымен белгіленген:
1) «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ директорының бұйрығымен бекітілген кейбір бос лауазымдарға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар бойынша бос орындарға қабылданатын кандидаттарды келісу тәртібі.
Сыртқы аудит, мемлекеттік органдардың актілерін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тексеру нәтижелері бойынша Колледж қызметінде 2020 жылы (белгілі бір кезең) сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қолданыстағы қызметкерлерді басқару жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелері тиімді және нәтижелі жұмыстың барын көрсетеді.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы бос лауазымдарға орналасу кезіндегі үлестестік фактілері анықталған жоқ.
Колледжде моральдық және заңды мінез-құлық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін мына ішкі құжаттар қабылданды және қолданылады:
1) «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң корпоративтік этика кодексі; (№ 69 бұйрық, 21.10.2019 ж.)
2) «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу саясаты.
Колледжде пайда болатын мүдделер қақтығысын реттеу үшін лауазымды тұлғалар:
1) Пайда болатын мүдделер қақтығысын анықтап, олардың себебін айқындауға;
2) Колледж бөлімдерінің құзыреті мен жауапкершілігінің аражігін нақты ажыратуға;
3) Колледждің лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысы бар мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысудан қалыс қалуларын қамтамасыз етуге міндетті.
Құқыққа қайшы әрекеттер фактілері бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін Колледждің лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері Колледждің 8 72774 2 12 06, 1424 телефонына, This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it электрондық ақпараттық сенім жүйесіне хабарласа алады.
Өтініштер тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қабылданады.
2020 жылғы Колледж тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден алу және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.
Сатып алуды жүргізудің электрондық форматы және тапсырысшы мен конкурс жеңімпазы арасында шарттар жасау тапсырысшының сатып алу жеңімпазымен тікелей байланысу қажеттілігін барынша азайтуға мүмкіндік береді әрі сатып алу рәсімдерінің бұл бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді.
Колледжде сатып алу бойынша қолданылатын қазіргі рәсімдер сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына жол бермеу үшін айтарлықтай тиімді болып табылады.
2) Колледж қызметін қозғайтын ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Колледж қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер
Өз қызметінде Колледж мынадай құжаттарды басшылыққа алады:
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң Ішкі тәртіп
ережесі;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң студенттерінің
ішкі тәртіп ережесі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ңқызметкерлері
мен студенттерінің корпоративтік этика кодексі;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң Академиялық
адалдық кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар.
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң жұмыскерлерін
оқыту және дамыту туралы қағидалар;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ңжұмыскерлерін
аттестаттау қағидалары;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-де«Үздік
оқытушы, Үздік маман» конкурсын өткізу қағидалары;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ңжастар
саясаты;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ңЖас
мамандар кеңесі туралы ереже;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң
жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын және жұмысшы мамандықтары нұсқаулықтарын әзірлеу қағидалары;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң құрылымдық
бөлімшелері туралы ережелерді әзірлеу қағидалары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен Қоғамның ішкі құжаттары.
Талдау барысында Колледждегі барлық бөлімдер бойынша, оқытушылар мен оқушылар арасындағы қарым қатынас мәселесі бойынша, қашықтықтан оқыту барысындағы анкета бойынша оқу бағдарламасын регламенттейтін басқа да ішкі құжаттар зерттелді.
Колледж әкімшілігі мен басшылығы шешімімен ( №_1_ отырыс хаттамасы) бекітілген «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң оқу барысы мен қызметкерлермен жұмыснәтижесінде жүзеге асыратын функциялар жоғарыда аталған актілердің нормаларына сәйкес келеді.