- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
"Жастар Кеңесі"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Жастар Кеңесі" жұмысының негізгі бағыттары: • Талғар агробизнес және менеджмент колледж білім алушыларының бойында патриоттық мақтаныш сезімін қалыптастыру, студенттік өмірдің дәстүрлерін сақтап, молайту және жетілдіру;
• Білім алушылардың мүдделерін ТАжМК құрылымдық бөлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау;
• Колледждің әр түрлі қызмет шеңберінде білім алушылардың бастамаларын дамыту, әлеуметтік-маңызды іс-шараларды жасау және іске асыру;
• Белсенді білім алушыларды дайындау; • Білім алушылардың ғылыми қызметін ынталандыру;
• Студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу;
• Білім алушылардың ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу;
• ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, жастар ұйымдарымен гуманитарлық және ғылыми байланыстарды дамыту;
• Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың
құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын
болуына ықпал ету;
• Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету;
• Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;
• Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету;
• Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
"Жастар ісі жөніндегі комитеттің" жетекшісі Бекбауов Ж.С