- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы аясында, колледжіміздің «Dispute wise» дебат клубының ұйымдастыруымен «БП қашықтықтан оқытуды тиімді есептейді», «БП шетелде білім алу қажет деп есептейді» тақырыптарында офлайн форматта пікір-сайыс ойындарын өткізді. Өз кезегінде білім алушыларымыз Нұрғазина Айым Мақсатқызы, Серік Аружан Жақсылыққызы, Майтен Аружан Қабыланқызы, Жумашева Макпал Камбаровна, Сабазова Гулназ Абдуллақызы, Жұмакулқызы Бахаргүл өз позицияларын берік қорғап, өте керемет ойындар көрсетті. Нағыз дебатшылар ретінде өздерін таныта білген Майтен Аружан Қабыланқызы мен Нұрғазина Айым Мақсатқызы «Мақтау қағазымен» марапатталды