- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің еріктілері мен студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
2021 жыл қазан айының бесінші және алтыншы жұлдызы аралығында «Самға -Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен колледж еріктілері, «TKAiM join me» («Бізге қосыл») атты студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бірлесе отырып, Талғар қаласы «Ақбұлақ» шипажайында жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кеш ұйымдастырды. Кеш барысында «Жастар ісі жөніндегі комитет» жетекшісі Бекбауов Жәнібек Сражатдинұлы кеш жүргізуші, колледж білім алушылары Төлендіұлы Мейрамбек, Курмангазы Аслан Мухитұлы, Арипжанов Азамат, Дүйсембай Айдын Ербосынұлы дайындық жұмыстарын жүргізуге көмектесіп, Дүйсембай Айдын қарттарға арнап Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін оқыған болатын. Сонымен қатар Нұрғазина Айым Мақсатқызы, Сабазова Гулназ Абдуллақызы, Майтен Аружан Қабыланқызы сынды қыздарымыз іс-шараның өтуіне үлестерін қосты.
Dim lights Embed Embed this video on your site
Dim lights Embed Embed this video on your site