"Педагогтардың эмоционалды күйіп қалуының алдын алу"
2025 жылдың 21 ақпанында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің психологы Назима Мұратқызы Калибасова жас мамандарға "педагогтардың эмоционалды күйіп қалуының алдын алу" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Бұл тренингтің мақсаты жас мамандардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау, психоэмоционалды жағдайды реттеу дағдыларын дамыту және оқыту процесінде күйіп қалудың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, олардың психоэмоционалды жағдайын басқару, мазасыздықты, шиеленісті және қорқынышты жеңілдету бойынша тренингтік жаттығулар өткізілді.






