"Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің психологы Калибасова Назым Муратовнанын ұйымдастырумен 12.03.2025 ж "Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы" бойынша суицидтің алдын алу жолдарына байланысты сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты: Студенттердің психоэмоционалдық жағдайын зерттеу.
Суицидтік ойлар мен күйзеліс белгілерін ерте анықтау.
Қауіп тобындағы студенттерді анықтап, оларға жеке және топтық психологиялық көмек көрсету.
Колледжде қауіпсіз және қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Студенттерге стрессті басқару және өмірлік қиындықтарды шешу дағдыларын үйрету.
Мұғалімдер мен ата-аналар үшін психологиялық сауаттылықты арттыру шараларын ұйымдастыру.
Сенім телефондары мен психологиялық көмек қызметтері туралы ақпарат тарату.
Бұл сауалнама нәтижелері негізінде студенттер арасында суицидтің алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылданып, эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.



