Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы аясында Л.Басс агрессия тесті"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде психолог Калибасова Назым Муратовнаның ұйымдастыруымен 18.03.2025 ж "Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы аясында Л.Басс агрессия тесті" өткізілді. Тесттің негізгі мақсаты – студенттердің агрессия деңгейін анықтау, оның түрлерін саралау және агрессивті мінез-құлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Негізгі мақсаттар:
Студенттердің агрессия деңгейін және оның көрініс беру ерекшеліктерін зерттеу.
Ашық (вербалды, физикалық) және жасырын (ішкі) агрессияның түрлерін анықтау.
Қауіп тобындағы студенттерді айқындап, оларға психологиялық қолдау көрсету.
Студенттерге өз эмоцияларын басқару және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын қалыптастыру.
Колледжде жағымды психологиялық орта қалыптастыру арқылы агрессияның алдын алу.
Мұғалімдер мен ата-аналарға агрессивті мінез-құлықтың себептері мен оны реттеу әдістері туралы ақпарат беру.
Тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру.
Бұл тест нәтижелері негізінде студенттердің эмоционалдық жағдайы талданып, агрессия деңгейін төмендету бойынша арнайы психологиялық және тәрбие жұмыстары жүргізіледі.



