«Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы»
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде психолог Калибасова Назым Муратовнаның ұйымдастыруымен 9.01.2025 ж «Жанұя қолдау орталығының ресурстық бағдарламасы» бойынша зорлық-зомбылыққа арналған сауалнама алынды. Бұл сауалдың мақсаты – студенттердің зорлық-зомбылыққа ұшырау немесе оған қатысты сезімдері мен әсерлерін анықтап, олардың психологиялық жай-күйін бағалап, қажетті көмек пен қолдауды ұйымдастыруға негіз болатын ақпарат жинау болып табылады. Психолог Калибасова Назым Муратовнаның қойған сұрағы арқылы колледж студенттерінің қазіргі жағдайы, олардың қауіп-қатерлерге ұшырау ықтималдығы және бұл мәселелердің олардың өміріне әсері туралы деректер алуға, сондай-ақ алдын алу шаралары мен интервенция әдістерін тиімді жоспарлауға ұмтылуы байқалады.
Бұл сұрақ студенттердің жеке тәжірибелерін ашық айтуға мүмкіндік беріп, зорлық-зомбылықтың алдын алу және психологиялық сауықтыру бағдарламаларын дамыту үшін маңызды ақпарат көзі ретінде қызмет етеді



