“Буллинг – колледж проблемасы ма, әлде қоғам мәселесі ме?”
There are no translations available.
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде “Буллинг – колледж проблемасы ма, әлде қоғам мәселесі ме?” тақырыбында Эристика Дебат клубымен пікірталас өтті.
Іс-шараның мақсаты: буллингтің алдын алу жолдарын қарастыру болды.
Қатысушылардың бірі буллингті оқу орындарында бақылаудың әлсіздігінен туындайды десе, енді бірі бұл құбылыс отбасынан бастау алатынын жеткізді.
Колледж психологы Н.М.Калибасова "Таяқ сүйекке , сөз жүрекке жетеді " деген тақырыпта тренинг элементі бар жаттығу өткізді. Буллингке байланысты "Көмек сұрау ұят емес"тақырыбында көрініс көрсетілді.Пікірталас нәтижесінде білім алушылар буллингке қарсы бірігіп әрекет етудің қажеттілігін нақтылады.






