Құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу
14.05.2025 ж. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Талғар қаласының криминалдық полиция бастығының орынбасары Молдабеков Мақсат, полиция майоры Таубалдиева Сымбат Нұрбошатковна, ювеналды полицияның аға инспекторы Жанболатова Салтанат Какеевна білім алушылармен нашақорлыққа қарсы күрес бағытындағы және алаяқтықтың алдын алу мақсатында кездесті. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі заттарын қолдану қауіптерін түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, жауапты мінез-құлыққа және заңды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.





