«Сол қолдың шеберлері»
21.05.2025ж.Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жас маман – ертеңгі бас маман» атты жас мамандар онкүндігінің аясында жас маман, арнайы пән оқытушысы Әменова Мереке Еркебекқызының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Сол қолдың шеберлері» сайысы өткізілді. Ерекше қабылетті балаларды қолдау,ұшқыр ой, ептілік пен шапшаңдықты дамыту,қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында өткізілген сайыс «Шапшаң саусақ» , «Суретші сол қолмен», «Логикалық жарыс» және «Тапқыр болсаң – озып көр!» атты кезеңдерді қамтыды. Жеңімпаздарға марапаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.


