«Мимика шебері»
2025 жылғы 21 мамырда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Жас маман – ертеңгі бас маман» онкүндігі аясында «Мимика шебері» атты көңілді ойын өтті. Іс-шараны оқытушылар Шаймұрат Махаббат пен Шәкенова Алтынай ұйымдастырды. Колледждің фойесінде шығармашылық пен әзілге толы ерекше атмосфера орнады. Студенттер өз қабілеттерін ерекше ықыласпен көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл ойын онкүндіктің жарқын оқиғасына айналып, барлық қатысушыларға жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


