«Еңбек адамының бейнесі»
«Парасатты оқырман» жобасы аясында мамыр айында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің психологы Н.М.Калибасованың жетекшілігімен білім алушылар арасында Дулат Исабековтің «Гаухар тас» повесі бойынша «Еңбек адамының бейнесі» тақырыбында эссе жазу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың әдеби шығармалар арқылы еңбекке құрметін арттыру, еңбек адамының образын терең түсінуге жол ашу болды. Білім алушылар повестегі кейіпкерлердің еңбекқорлығын сипаттап, өз ой-пікірлерін шығармашылықпен жеткізе білді.








