"Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1-курс білім алушыларына Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани тәрбие беру, дінге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және экстремизм мен радикализм идеологияларынан сақтандыру мақсатында "Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі" тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Шара барысында Талғар ауданына жауапты дінтанушы (теолог) маман Әбді Әділет Абдыхалықұлы қонақ болып, жастармен рухани тәрбие, діни сауаттылық және заманауи қоғамдағы діннің рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.






