«Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы»
Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 19 қыркүйекте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2025» облыстық байқауы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында ұйымдастырылып өткізілді.


