"Терроризммен күрестің бір тетігі – ұлттық тәрбие"
2025 жылы 24 қыркүйек күні Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1 курс білім алушыларына арнап "Терроризммен күрестің бір тетігі – ұлттық тәрбие" тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
⠀Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау. Сонымен қатар, білім алушыларға ұлттық тәрбие негізінде рухани иммунитет қалыптастырып, бейбітшілік пен конфессияаралық татулықтың маңызын түсіндіру.Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар:
Сүлейменов Талғат Абайұлы – Алматы облысы бойынша “Діни оңалту” жұмысына жауапты имам
Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы – Талғар қаласындағы “Рақымберген қажы” мешітінің бас имамы
Токишов Алмат Мақсатұлы – Талғар аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының аға лейтенанты.Кездесу барысында білім алушыларға теріс діни ағымдардың зияны, радикалды идеологияның алдын алу жолдары, ұлттық және рухани тәрбие мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті.


