«Волонтерлік — қоғамға қосқан үлес»
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1 курс білім алушыларынан құрылған «Мейірім» волонтерлік клубы, Талғар аудандық жастар ресурстық орталығы және Жетісу жастары орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Волонтерлік — қоғамға қосқан үлес» атты тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шара барысында жастар арасында волонтерлік мәдениетті дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру жайы кеңінен сөз болды. Кездесуге колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы және «Жетісу жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Ауданбаев арнайы қатысып, екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Бұл кездесу — жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін беретін маңызды қадам болды.



