- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Білім саласындағы ақпараттандыру
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі 03.06.2022 жыл №17-10/391 шығыс хатына жауап
Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59- бабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік аттестаттауды меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес жүргізетіндігін атап өткен.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59- бабына сәйкес Талғар агробизнес және менеджмент колледжі (бұдан әрі - Колледж) «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесінен:
1) Институционалдық және мамандандырылған (7 Білім беру бағдарламасы) аккредиттеу бойынша 5 жылға (25.12.2019ж. – 24.12.2024 ж.) аккредиттелді (қосымша 1).
2) Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша колледждің аккредиттеуден кейінгі (постаккредитация) мониторингінің бірінші кезеңі (7 Білім беру бағдарламасы) (2021 жылы) аяқталды (қосымша 2).
Бақылау субъектісі Колледжге тікелей келмей профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында колледждің ресми сайтына білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдарына сүйенеді.
Осы орайда, Колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарында қойылған талаптарға сәйкес колледждің білім беру қызметіне өзін-өзі бағалауды жүргізіп, өзін-өзі бағалау материалдарына ресми сайтта орналастырды. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау материалдарының сайдта орналастырылған сілтемелерін жолдаймыз (қосымша 3).