- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Мамандық туралы қысқаша тарих
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1998 жылы «Есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы алғаш рет қазақ тілінде ашылды:
Колледжде осы мамандықтың ашылуына үлес қосқандар:
- Умбетова Найля Бейсенбаевна
- Иванов Александр Михайлович
- Жуковская Нина Ивановна
Пәндердің алғашқы жұмыс бағдарламаларын колледж директорының өтініші бойынша, Томск политехникалық институтынан бағдарламалар жиынтығын ала отырып А. М. Иванов жасады. Арнаулы пәндер курсының жұмыс бағдарламаларын РУМОК әдіскері Л.И. Гадомскаяның жетекшілігімен оқытушылар Қ.Б. Қарынбаев пен О.Н. Иванова жасады. Алғашқы жылдары оқу кітаптары жеткіліксіз болды, ұстаздардың еңбегінің арқасында оқыту әдістемелік құралдары жыл сайын толықтырылып отырды
2001 жылы аталған мамандықтың алғашқы түлектері «Техник-бағдарламашы» біліктілігінің иегерлері бітірді. Қазақ тобында 20 оқушының алтауы, ал орыс тобында 25 оқушының тоғызы үздік (қызыл) диплом алды. Алғашқы бітірген түлектерге информатиканы оқыту методикасынан қосымша курстар өткізілді. Соның нәтижесінде информатика мамандарының қоғамдағы қажеттілігін аз да болса толықтыруға жағдай жасалды. Алғашқы компьютерді жөндеу мүмкіндіктері бар мамандар пайда бола бастады. 2002 жылы мамандықтың жаңа мемлекеттік білім стандарты әзірленді
2001 жылы аталған мамандықтың алғашқы түлектері |
БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
«1304000– Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» Түсу емтихандары Математика, Орыс тілі (Қазақ тілі) Қосымша құжаттар 11 сыныптар үшін БҰТ сертификаты жарамды |
|
Оқу ақысы 9 сынып негізінде - 17000 тг 11 сынып негізінде – 17000 тг
|
Түсу кезіндегі конкурс 9 сыныптар үшін: 25-30 балл 11 сыныптар үшін: 40 балл
|
Негізгі пәндер:
- Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
- Объектілі – бағытта бағдарламалау негіздері
- Бағдарламамен қамтудың өңдеу технологиясы
- Мәліметтер базасы
- Экономикалық және өндірістік процессорлардың нұсқасын келтіру
- Микропроцессорлық техника негіздері
- АЖ ақпаратпен қамтуды құру және енгізу
- ЕТ және бағдарламамен қамтамасыз етудің операциялық жүйесі
- Желілік технологияға енгізув
- Желілер мен ДЭЕМ аппараттық кешені
Болашақ маман
- Техник-программист
- ДЭЕМ операторы
Нені оқытады?
Техник – бағдарламашы есептеу орталықтарында, әр түрлі министрліктердің, департаменттердің, фирмалардың және коммерциялық құрылымдардың ақпарат өңдеу бөлімдерінде жұмыс істеу үшін даярланады. Қызмет түрлері: Мәліметтер базасын және ақпараттық - ізденіс жүйелерін құру және қызмет көрсетуге арналған бағдарламалар әзірлеу; орта және орта кәсіптік оқу орындарында информатика және бағдарламалау пәнін оқыту; ғылыми және экономикалық есептерді шешуге арналған бағдарламалар жасау; ДК-ді стандарттық бағдарламалық қамтуды пайдалану және ақпараттық технологияларды пайдаланумен байланысты басқа да қызмет түрлері. Оқыту уақытында келесі бағдарламалау тілдерін игереді:
- С++
- VisualBasic 6.0
- Paskal
- Delphi7
Түлектеріміз ІТ – маман ретінде:
- Банктерде, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсету;
- Жекелеген кәсіпорындарда және салаларды басқаруда (теміржол көлігі, авиация және т.б.) өндірісті жоспарлау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жасайды;
- Кәсіпорындарда және мекемелерде, бұқаралық қызмет көрсету жүйелерін және ақпараттық анықтамалық жүйелерді әзірлейді және қызмет көрсетеді;
- Білім беру мекемелерінде;
- Компьютерлік техникаларды диагностикасы бойынша әртүрлі орталықтарда жөндеу, құрастыру, бағдарламамен қаматамасыз ету сияқты қызметтерін атқарады.
Оқу үрдісі
Қазіргі таңда колледжде интернет желісіне қосылған 9 компьютер класы, жалпы 165 компьютер жұмыс істейді. Қазіргі заман талабына сай жасалған, жаңа технологияларымыздың бірі «Интерактивті тақта» орнатылған 10 класс бар.
2007 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері негізінде оқыту үрдісінде компьютерді жетік қолдану үшін 2007 жылы колледжде «Бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімі құрылды.
Қ.Б.Қарынбаев электронды оқу баспасы кәсіптік циклы бойынша ІІІ «Халықаралық ақпараттық форум» презентациясына қатысып, Қазақстан және ТМД елдері арасында информатикалық білімін көрсетіп, Республикалық орталықтың мақтау қағазымен марапатталды | |
Колледж оқытушысы О.Н. Иванова жыл сайын бағдарламашы топтарының арасында оқу тәжірибелерінен кейін «Үздік бағдарламашы» байқауын ұйымдастырып, өткізіп тұрады. 2001 жылы облыс көлемінде «Үздік жыл оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанған. |
|
2006 жылы оқытушы В.Т.Горбоконенко облыс көлемінде компьютерлік бағдарламалар өнімі көрме-жәрмеңкесінде бірінші орынды иеленді |
Желілермен дэем аппаратық кешені пәні бойынша Қарынбаев Қойшыбай Балқышұлы интерактивті тақтаны қолданып сабақ өту үстінде |
|
Горбоконенко Владимир Тимофеевич Микропроцессорлық техника негіздері пәні бойынша сабақ өткізуде. |
|
Диплом жобаны қорғау үстінде |
Дербес компьютерді құрастыру |
Біздің жетістіктеріміз
Студенттер 2 курста бағдарлама құрумен белсенді түрде айналыса бастайды. Жыл сайын колледжде «Ең үздік бағдарламашы» атағына конкурс өткізіледі. Конкурсқа мамандық бойынша үздік оқитын бағдарламаны жақсы құратын студенттер қатысады.
Оқытушылар: О.Н. Иванованың, В.Т. Горбоконенконың, Қ.Б. Қарынбаевтың оқытқан оқушылары бірнеше мәрте бағдарламалау мен ақпараттық технологиялар бойынша республикалық және облыстық жарыстар мен конкурстардың жүлдегерлері болды.
|
Ерастов Алексей
|
|
Мусин Ильяр
|
|
|
|
Черкашин Николай
2008 жылдың
|