- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша топ сағаттарын өткізу
08.10.2018 ж.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында барлық курс топтарына бірыңғай топ сағаты өткізілді. Жолдаудың өзектілігі білім алушылардың дайындау сапасын арттырумен белгіленген. Білім алушыларға әсіресе Елбасының 2019 жылды жастар жылы деп арнағаны ұнады. Жастар осы Жолдау нәтижесінде жастар арасындағы мәселелер шешіледі, спорт және мәдени-тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады деген деген пікірде болды. Болашақта жастарды жұмыспен қамту және спортты дамытуға көптеген шаралар ұйымдастырылатын болады. Осы топ сағаты барысында топ білім алушылары елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқыға салды, қолда бар ресурстардың тиімсіз қолданылу нәтижелері бойынша ортақ пікірлер айтылды және мемлекеттік құрылым қызметі мен т.б.қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар да аталды. Топ сағаты нәтижесінде қоғам алдындағы міндеттерді қолдау және болашақ буынның патриоттық сезімін дамытуды қолдау қажеттіліктері бойынша қорытындылар жасалды.