Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға арналған Халыққа Жолдауы.
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ұжым мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды міндеттермен танысты. Жолдауда жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырғанына ұжым мүшелері зор құрметпен қарап, Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова мен колледж оқытушылары баяндама жасады. Жолдаудағы бөлім, тараулар бойынша тоқталып, қолға алынатын бастамалар, саяси, экономикалық, әлеуметтік бағыттағы кешенді өзгерістер жалғасын табатындығына сенім білдірді.
https://youtube.com/shorts/LxS3iw1_swQ?feature=share


