Құқық бұзушылықтың алдын алу
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 1-2 курс білім алушыларына «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз өмір кепілі» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Талғар аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары:
полиция аға лейтенанты Шарахунов Шадияр Шағзамұлы мен полиция аға лейтенанты Токишев Алмат Мақсатұлы буллинг, кибербуллинг, темекі шегудің зияны, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және түнгі уақытта жүріп-тұру ережелері туралы түсіндірме жұмыстары туралы айтылды. Білім алушылар сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Іс-шара жастардың құқықтық сауатын арттырып, заңға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.



