- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Ішкі талдау мен мониторинг
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
Білім беру саласында және өзінің күнделікті қызметінде «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ (бұдан әрі - колледж) ашық, адал және этикалық іскерлік қылық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты айқындау және оған қарсы іс-қимылдар жасау бойынша жүйелі жұмысты жүргізеді.
Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар мыналар:
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң қызметкерлері мен студенттердің корпоративтік этика кодексі;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-ң «Академиялық адалдық кодексі»;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу регламенті;
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» ММ-де бұзушылықтардың туындауы тәуекелін басқару саясаты;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Колледжде пайдаланатын негізгі құралдар мен тетіктер мыналар:
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау, бағалау және басқару;
- кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлау арналарының жұмысы.
Колледжде ішкі коммуникациялар жүйесі дамыған, ол арқылы кез келген жұмыскерден және өзге де мүдделі тараптардан сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ басқа да асыра пайдаланушылық пен заң бұзушылықтар туралы жедел ақпарат түсіп отырады. Өтініштерді қабылдау үшін Колледждемынадай арналар бар:
- Колледждің интернет-ресурсындағы Блогы
- Сенім телефоны: +7 (72774) 2 12 06, 1424 call
Сондай-ақ, арнайы бөлінген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it
желісі құрылды.
Бұдан басқа, Колледждіңмүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілері туралы ақпаратты +7 (777) 6440733 нөміріне хабарлауғаболады.
Арнайы бөлінген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» желісі сыбайлас жемқорлық айқындамасына сай сыбайлас жемқорлық фактілерін қамтитын хабарламаларды ғана қабылдауға арналған.
Аталған талаптарға жауап беретін хабарламалар өңделіп, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қаралады. Арнайы бөлінген желі тәулік бойы жұмыс істейді.
Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қаралады.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімін арттыру жұмысы жүргізіледі.
2020 жылы Колледждесыбайлас жемқорлық және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.