- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Атқарылған есеп
2020-2021 оқу жылында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл «Саналы ұрпақ» студенттік клубы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
ЕСЕП
Бүгінгі таңда қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды. Мемлекеттің дамуы тежеледі. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған саласы қалмады. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі – ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіруде.
Кеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдады да халықаралық конвенцияларға қосылды. Жемқорлықпен күресуге арнайы мамандырылған органдар құрылды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдауында да көрініс тапты. Жолдаудың мазмұнына арқау болған 10 міндетті Елбасы Қазақстанның дамуы үшін атқарылуға тиіс маңызды істер қатарына қосты. Осы аталған 10 міндеттің тоғызынышы міндетін Елбасы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп атап көрсеткен. Тоғызыншы міндетте: ...Жемқорлықтың алдын - алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін атап айтты. Қазіргі таңда жемқорлық қылмыстарының алдын - алу мәселесі барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарының күн тәртібінен орын алған. Осы орайда мемлекеттік қызмет істері, мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсарту, лауазымды тұлғалар мен құқыққорғау жүйесі, сот қызметі секілді барлық ықпалды органдарда жемқорлықтың алдын - алу бағытында жұмыстар жасалып жатыр. Осы бағытта ұлттық заңнама да жетілдірілуде.
2015 жылы 18 қарашасында қабылданған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында да осы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты нормалар (9-бап) қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі» деп көрсетілген.
Осы бағытта студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті нығайту мақсатында Талғар агробизнес және менеджмент колледжі де тәрбиелік іс-шаралар жоспарын жасап,көптеген жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтарда, №24 бұйрығымен бекітілген жастар ұйымдарын тарта отырып, оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізуде, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі арналған жоспарын іске асыру және «Саналы ұрпақ» клубының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. «Саналы Ұрпақ» клубының міндеттері – бұл студенттік ортада коррупцияға қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз қатынас қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қатысу.
Жоспарға сәйкес оқу корпусының 2- қабатына СЕНІМ ЖӘШІГІ қойылды. 1-қабатына «Сыбайлас жемқорлық» атты ақпараттық стендтер ілінді. ІІБ өкілдерімен «Әлімжеттік: бұл тәрбиесіздік пе, әл де әдет пе? тақырыбында қыркүйек айында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлық туралы топ сағаттары өткізілді, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторлармен бірігіп, «Ашық есік күнін» өткізіліп, түнгі рейдтерге шығып отыру қолға алынды. «Әлімжеттікке жол жоқ!» бақылауы ұйымдастырылды. «Саналы ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша бірыңғай «Адалдық сағатын» өткізу жоспарланып, арнайы қонақтармен онлайн кездесу өткізілді. ІІБ өкілдерімен «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 1,2 қабатта орнатылған теледидар экрандарынан қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бейне көрсетілімдер қойылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы қанағаттанарлық деп танылды. Оқу ғимаратында орнатылған бақылау камералары арқылы үнемі бақылау жүргізіліп отырады.