Ашық сабақ Султанбекова А. Т.
ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ
Инженер-педагогтердің іс-тәжірибесі
2022 жылы сәуір айының14 жұлдызында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған тәжірибелік алаңда «Агротехнологиялық пәндер» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Султанбекова А.Т. Шикізат пен дайын өнімді сақтау технологиясы пәнінен, "Өндірістік жағдайында жемістер мен көкеністерді стационарлық және тоңазытқыш камераларында сақтау талаптары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тәжірибелік алаң: «Педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, үздік тәжірибені насихаттау» мақсатында ұйымдастырылған. Сабақ тікелей эфир арқылы басқа колледж оқытушыларының көруіне мүмкіндік жасалды.











