- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Положение
«Алматы облысының білім басқармасы» ММ-ң «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» МКҚК |
|
ГККП «Талгарский колледж агробизнеса и менеджмента» ГУ «Управление образования Алматинской области» |
Бекітемін
Директор____________Бозымбекова Д.Б.
«____»_______________ 2023 ж.
Топ жетекшілер кеңесінің ережесі
1.1 Топ жетекшілер кеңесі - колледж ішілік тәрбие беру үрдісін басқару жүйесінде, топ жетекшілерінің ғылыми- әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіретін бірлестік.
1.2 Топ жетекшілер кеңесі - өз әрекетінде ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарды, «Білім туралы» Заңды, колледждегі тәрбие жұмысының концепциясын, колледж дамуының кешенді бағдарламасын жетекшілікке алады.
1.3 Топ жетекшілер кеңесінің жұмысы колледж кеңесінің жыл сайынғы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
1.4 Топ жетекшілер кеңесінің құрамы колледж кеңесінде бекітіледі. Топ жетекшілер кеңесінің құрамына:
- топ жетекшілер кеңесінің төрайымы;
- топ жетекшілер кеңесі төрайымының орынбасары;
-топ жетекшілер кеңесінің мүшелері
-хатшы.
Әр айда 1 рет топ жетекшілер кеңесінің отырысы болады.
Қабылданған шешімдер мен әдістемелік нұсқаулар басқа топ жетекшілеріне беріледі.
Топ жетекшілері кеңесінің жұмысын ұйымдастыруы:
- топ жетекшісін таңдау;
- белсенді және нәтижелі жұмысқа жағдай жасау;
- жұмыс түрлері және әдістері туралы нұсқау беру, үйрету;
- алдыңғы қатарлы нәтижелі жұмыстарды жалпылау және тарату;
-топ жетекшілерінің жұмысының нәтижесін бағалау және материалдық ынталандыру
1. Топ жетекшілер кеңесінің негізгі міндеттері
1.1 Тәрбие жұмысындағы педагогикалық – психологиялық сұрақтар бойынша ғылыми-әдістемелік деңгейде топ жетекшілерін теориялық тұрғыдан дайындау.
1.2 Білім алушыларды тәрбиелеудегі жалпы бірегей қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету.
1.3 Топ жетекшілерін тәрбие технологиялары мен жаңашыл формаларымен, білім алушылармен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстыру.
1.4 Білімгер ұжымдағы тәрбиелік іс шараларды ұйымдастырып және педагогикалық саралау жұмыстарын ұйымдастырады.
1.5 Алдыңғы қатарлы тәжірибелі топ жетекшісінің жұмыстарын іс тәжірибеде үйрену, қолдану.
1.6 Тәрбие жұмысының жүйесін жандандыруда білім алушыларға жәрдемдесу.
2. Топ жетекшілер кеңесінің қызметі
2.1 Білім алушылардың ұжымдық әрекетіне ұжымдық жоспарлау және ұжымдық талдау жұмыстарын ұйымдастырады.
2.2 Топ жетекшілердің тәрбиелік әрекетін үйлестіреді және олардың өзара әрекетін ұйымдастырады
2.3 Колледж білім алушыларын тәрбиелеу қағидаларын үнемі бақылауға алып отырады.
2.4 Тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін, тәрбиелеудің заманауи технологияларын топ жетекшілерімен жандандыруды есепке алып отырады.
2.5 Аттестациялау құжаттарын, топ жетекшілерінің педагогикалық тәжірибелік жұмыстарының құжаттарын, әлеуметтік- педагогикалық мәселерін талқылайды.
2.6 Жаңадан тағайындалған топ жетекшілеріне көмек көрсетеді.
2.7 Үздік топ жетекшілерін мадақтау жөнінде колледж әкімшілігіне мәлімет береді, бірлестік мүшелерінің жұмысын бағалайды.
Колледжегі неғұрлым білікті топ жетекшісін таңдап, топ жетекшілер кеңесінің төрайымы бұл жұмысты басқарады
Топ жетекшілер кеңесінің төрайымы
а) жауап береді
- іс әрекетті жоспарлау, дайындау, өткізу және талдауға;
- топ жетекшілерінің әдістемелік жұмыстарының толықтырылуына;
- өткізілген іс шаралар және бірлестік құжаттарының уақытылы
құрастырылуына;
б) Директордың тәрбие ісі жұмысының орынбасарымен бірлесе жауап береді
- тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу қағидаларын сақтауға;
- топ жетекшілерінің қызметтік міндеттерінің орындалуына;
- тәрбие жұмысының ғылыми -әдістемелік деңгейінің жоғарылауына;
- топ жетекшілерін психологиялық- педагогикалық дайындығының нақты жүзеге асуына;
в) ұйымдастырады
- топ жетекшілерінің өзара әрекеті-топ жетекшілер кеңесінің мүшелері- колледждегі бөлімдердің бір-бірімен байланысын;
- топ жетекшілер кеңесінің отырысын, конференцияларды, семинарларды, ашық іс шараларды;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелі топ жетекшілер жұмысын тәжріибеде қолдану және тарату;
- тәрбие жұмысы бойынша топ жетекшілеріне кеңестер беруді;
г) білім алушылар ұжымындағы тәрбиелік шараларды ұйымдастыру және педагогикалық талдауды, жоспарлауды үйлестіреді;
д) тәрбие жұмысы жүйесінде білімгер ұжымның дамуын және тұрақты әрекетін бақылайды;
е) топ жетекшілерін аттестатциядан дайындауға көмектеседі және өтуіне қатысады.
3. Жұмыс жүргізілуі және есеп беру
1. Топ жетекшілер кеңесі отырысында хаттамалар жүргізіледі
2. Әр жыл соңында тәрбие жұмысының жұмысы бойынша есеп береді
3. Жыл соңындағы колледж кеңесінің отырысында топ жетекшілер кеңесі бойынша атқарылған істер тыңдалады және директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарына есеп береді.
БЕКІТЕМІН |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Садвакасова |
«_____»____________2022 ж. |
ТАжМК «Топ жетекшілер кеңесінің» құрамы:
Төрайымы К.У.Утепбергенова- арнайы пән оқытушысы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садвакасова С.А.
Колледж психологы Тукусбаева И.М.
Кеңес хатшысы Елакынова Б.Б.
Кеңес мүшелері
Агротехнологиялық бөлім бойынша
- А.Т.Султанбекова – арнайы пәндер оқытушысы
Гуманитарлық бөлім бойынша
- Ш.С.Бекпаева – тілдер кафедрасының оқытушысы
Агротехникалық бөлім бойынша
- Г.З.Текесбаева – арнайы пәндер оқытушысы
Агротехникалық бөлім бойынша
- Ж.У.Маркашова – арнайы пән оқытушысы
Кураторлар кеңесінің төрайымының байланыс телефоны: 8 771 464 23 54
БЕКІТЕМІН |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Садвакасова |
«_____»____________2022 ж. |
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің
2022-2023 оқу жылына «Топ жетекшілер кеңесінің» құрылымы