- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Колледж мұражайы
Мәсімхан Бейсебаев атындағы
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің
мұражайы туралы ақпарат
2007 жылы колледж Қазақстан Гиннес рекордтар кітабына ең байырғы оқу орны ретінде енді. Тарихына қатысты мәдени мұраларды, білім беру, тәрбие және спорт саласындағы қол жеткен табыстарды сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа беруде. Көп ізденіспен жасалған мұражай, колледж ұстаздары мен оның ізденімпаз, еңбекқор, елгезек студенттерінің ерең еңбегін паш етеді.
Мұражай 1978 жылдың 27 қазан күні оқу орнының 60 жылдығы мерекесіне орай ашылды. Колледждің 90 жылдығына қарсы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тарихи – танымдық және өлкетану мұражайы» күрделі жөндеуден өтіп, толықтырылып, кайта жабдықталды. Мұражай екі залдан тұрады: тарих және табиғат залы.
І зал. М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент
колледжінің тарихи залы.
Колледждің алғашқы құрылған кезінен бастап, қазіргі оқу – өркендеу толысқан кезеңіне дейін аралықты қамтитын құжаттар мен шежірелі суреттер орналасқан:
1-стенд. Іле Алатаудың бөктерінде, Талғар қаласының орталығында республиканың тұңғыш ауылшаруашылық орта оқу орны - М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі.
Колледж Верный қаласында Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылғы 12-қыркүйектегі қаулысымен қазан айында кең профильді агрономдар даярлайтын Жетісу орта ауылшаруашылық училищесі (бау-бақша шаруашылығы мектебі базасында) ретінде құрылған. Алғашқы қабылданған оқушылардың саны 29 адам болды, 1929 жылы алғашқы 9 түлек оқу орнын бітірді. Сол жылдардан бастап, техникумның атауы мен бағыну орны бірнеше рет өзгерді.
2-стенд. 1918-1920 жылдары Жетісу облыстық орта ауылшаруашылық училищесі;
1920 жылы – училищиге «Қазыналық бақ» оқу шаруашылығымен қоса Верный бау – бақша шаруашылығы мектебі қосылды (бұрынғы М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағы);
1922 жылдан Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитетінің Жетісу облыстық ауыл шаруашылық училищесі;
1930 жылы Талғар станицасынан көшіріліп Қазақ КСР-нің егіншілік халық комиссариатының Алматы ауылшаруашылық техникумы деп аталды.
1936 жылы Талғар ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестерімен және ауруларымен күрес бойынша техникумымен қосылып, Талғар ауылшаруашылық техникумы деп аталды.
3 – стенд. 1918 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі техникумның директорлары мен олардың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары туралы мәлімет орналасқан.1997 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1485 Қаулысымен колледждің түлегі әрі директоры болған М Бейсебаевтің есімі берілді Соған байланысты мұражайдың көрнекті жерінде орналасқан стендіде М Бейсебаевтің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер берілген және жеке заттары көрмеге қойылған.
Бірінші турникетте техникумның спорт жетістектері мен көркем өнерпаздар үйірмелері көрсетілген.
Екінші турникет – 1982 жылы 10 шілдеде Ауғаныстанда әскери қызметін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған соң Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған колледж түлегі Жильников Виктор Иванович туралы мәліметтен басталып, техникумның ғылым саласындағы жетістіктері мен В.И.Ленин атындағы стипендиаттар көрсетілген.
Ұлы Отан соғысының тарихына арналған экспозиция. 1942 жылы техникум ғимаратында құрамында колледж түлектері Ақай Нүсіпбеков, Петр Милютин, Ыбырай Қалдыбаев шайқасқан 8 гвардиялық Панфилов дивизиясының Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен 1073 – ші Талғар полкі құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында техникумнан майданға 150 оқушы, 23 оқытушы және қызметкерлер аттанды.
Колледждің қызметінің маңызды бағыты – әдістемелік жұмыс экспозициясы. 1928 жылы тұнғыш пәндік – әдістемелік комиссия құрылды, 1960 жылы колледждің әдістемелік кабинеті ашылды.
Қазақ КСР Ауылшарашылық министрілігінің 1971 жылғы бұйрығымен техникум құрамына 12 техникум кірген Қазақстанның оңтүстік аймағындағы базалық техникум болды.
Оқу орны Бүкілодақтық Халық шаруашылығы Жетістіктерінің көрмесіне (ВДНХ) қатысып, 3 жыл қатарынан техникумдар арасында жеңімпаз атанды және ауылшаруашылық министрлігінің Ауыспалы Туы мәңгілік сақтауға берілді.
Талғар ауылшаруашылық техникумы өзінің 50 жылдық мерей тойына орай Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бүгінгі күн талаптарына сәйкес колледж ұжымы 9 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Колледждегі әр бөлімнің құрылған жылдары және тарихы музей экспозицияларында көрсетілген.
«Білімдіге нұр жауар!» Стендісінде колледждің үздік түлектері көрсетілген, оның ішінде колледж директоры Н. Б. Үмбетова, жас натуралистер станциясының директоры М.В.Махмудов, Алматы облыстық қаржы басқармасының бастығы С.Қ.Касымов , АҚШ сауда палатасының ҚР өкілі Б.К.Ерубаев және т.б. .
Колледжде 2005 жылдан бастап жас ұрпақ жадында Қазақстандық патриотизмды қалыптастыру және Отанға деген мақтаныш сезімдерін арттыру мақсатында жыл сайын «Астана-арман қала» тақырыбында байқау ұйымдастырылып, женімпаз мұғалімдер мен студенттер Еуразия жүрегі - ару қаламызға тегін жолдама алады. Жеңімпаздарымыздың суреттері бөлек стендта көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылғы Жолдауымен танысып, елімізде жүзеге асырып жатқан реформалар мен ізденістерге қатыстылық сезімін орнықтыру, өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2006 жылдан бастап студенттер арасында колледж президенті сайлауы өтіп келеді. Сайлау алдында үміткерлермен кездесу өткізіліп, бағдарлармалары тыңдалып, әр түрлі сұрақтар қойылады. Сайлау өткен соң ұлықтау рәсімі кең көлемде өткізіледі. Президентті қарсы алып, ақ киіз төселіп, ант қабылдатып, Қазақстан Республикасының Туына тағзым еткізеді. Жеті рет салют беріліп, салтанат «Ұлан» отрядының шеруімен аяқталады.
Осыған арнайы колледж мұражайында президенттердің суреттерін және аталған рәсімдер көрсетілген.
Патриоттық сезімдер арттыру мақсатында саяси бағытқа арналған кабинеттер ашылған:
- Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерей тойына Бауыржан Момышұлы атындағы алғашқы әскери дайындық;
- Талғар ауылшаруашылық техникумының түлегі, ұстазы, директоры, Ұлы Отан соғысына қатысқан, панфиловшы, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР Мемлекеттік және Ш.Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтардың лауреаты, белгілі қоғам қайраткері - Ақай Нүсіпбеков атындағы тарих;
- ҚР Тәуелсіздігінің 15 – жылдығына орай ҚР Тұнғыш Президентінің аудиториясы;
- ҚР Конституциясының 15 – жылдығына орай «Астана – ару қала» кабинетттерінің ашылу рәсімдері көрсетілген.
2 зал. Табиғат залы – Талғар өлкесінің ғажайып табиғаты мен онда тіршілік ететін аң – құстары, жануарлар дүниесінен сыр шертетін мәліметтер:
Табиғат залы екі бөліммен құралған:
- Қазақстан экологиясы;
- Талғар шатқалының диараммасы.
Табиғат залы Қазақстан картасынан басталады, ядролық жарылыстар қалған орындарға, экологиялық аймақтарға сипаттама береді.
Экология бөлімі колледж студенттеріне экологиялық тәрбие беру жұмыстары, Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер, қорықтар мен табиғи саябақтар туралы мәліметтер береді.
Д.И.Менделеевтің кестесі бойынша Қазақстанда кездесетін минералдар көрсетілген. Осы залдың ең бірегей экспозициясы - Каспий теңізінен табылған тасқа айналған тасбақаның сүлбасы, тасбақаның жасы 200 мың жылдан асады.
Мұражайды аяқтайтын Талғар шатқалының диараммасы табиғат сұлулығын, жануарлар әлемінің байлығын, Талғар шыңының биіктігін көрсетеді.
Телефондар: 8(72774)21206
Колледж таңбасы |
М.Бейсебаевтың кітаптары, жеке құжаттары және материалдары |
Техникумның директоры мен директордын оқу ісі жөніндегі орынбасарлары |
Колледждегі тәрбие жұмыстары |
Колледждің түлектері |
«Қазақстанның ұлттық паркі мен қорықтар» картасы
|
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі |
Минералдар мен тау жыныстары |