- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 82 | |
Кеше | 317 | |
Бұл апта | 82 | |
Өткен апта | 2907 | |
Бұл ай | 7021 | |
Өткен ай | 14577 | |
Барлығы | 1105347 |
Сіздің IP: 3.135.219.78
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2024-05-19 07:16
«Профилактика религиозного экстремизма и терроризма»
14 мая 2024 г. в Талгарском колледже агробизнеса и менеджмента была проведена информационно-разъяснительная беседа на тему «Профилактика религиозного экстремизма и терроризма». На мероприятии обучающимся было рассказано о негативном влиянии деструктивной идеологии религиозного экстремизма и терроризма, об их пагубном влиянии, а также о роли средств массовой информации в борьбе с терроризмом и экстремизмом. На LED-экране студентам были показаны видеоролики.
«Ер – елінің қорғаны»
10.05.2024 09:27
06.05. 2024. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің мәдениет үйінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған "Ер-елінің қорғаны" тақырыбында мерекелік сазды кеш өткізілді. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова колледждің ер-азаматтарын құттықтап, Алматы облыстық аймақтық WORLDSKILLS-2024 чемпионатына қатысқан оқытушыларға Алматы облыстық Білім басқармасы басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызының Сертификаттарын, аудандық "Аманат" партиясының, аудандық кәсіподақ ұйымының, Талғар қаласы Әкімінің, Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар колледж әкімшілігі тарапынан Мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекелік кеш білім алушылардың ән-биімен жалғасты.
«Өнегелі ұрпақ»
04.05.2024 10:14
2024 жылғы 02 мамыр күні Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында, “Өнегелі ұрпақ” апталығына орай, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Студенттік парламент волонтерларының қатысуымен «Ардагерім – қазынам» атты тазалық акциясы өтті. Акция барысында жастар Талғар қаласында тұратын ардагер Дьячин Александр Сергеевич атаның үйінде болып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ардагердің отбасы жастарға алғысын білдіріп, батасын берді. https://youtube.com/shorts/Krob7r_1k0c?feature=share "Мен өмірді сүйемін"
03.05.2024 12:45
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Мәдениет үйінде колледж психологы Ғаниқызы Аяулымның ұйымдастыруымен білім алушылардың өмір сүруге деген құштарлықтарын арттыруға, өмірді сүюге тәрбиелеу мақсатында "Мен өмірді сүйемін" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қатысушы білім алушылар өмір жайлы өлеңдер оқып, ән шырқады.
"Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі"
03.05.2024 10:46
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Баязитова Ризана мен арнайы пән оқытушысы Жұмабеков Мадияр "Оқуға құштар колледж" жобасы бойынша 1 курс білім алушыларымен "Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі" тақырыбында әдеби печа-куча өткізді. Білім алушылар Сыдық Азамат, Серікбай Елдар, Сағын Бекзат, Талғатбек Назерке қазіргі көп оқылатын трендтегі кітаптардың мазмұны , тақырыбы жайлы таныстырылым жасады.
|