- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 283 | |
Кеше | 490 | |
Бұл апта | 2399 | |
Өткен апта | 3924 | |
Бұл ай | 13785 | |
Өткен ай | 15230 | |
Барлығы | 1097913 |
Сіздің IP: 13.59.61.119
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2024-04-26 09:39
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болды
Ел басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген концепцияда 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болды. Бұл күнде Қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталуда. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің агротехнологиялық бөлімінің оқытушылары мен білім алушыларының ұйымдастыруымен Тұсау кесу рәсімін жасады. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова тұсауын кесіп, колледж ардагері Жакупов Қадылбек атасы ақ батасын берді.
«Қайырымдылық күні»
15.03.2024 17:58
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылдың Наурыз мерекесі 10 күн тойланып, мәртебесі биіктеуде. 15-наурыз- Қайырымдылық күні болып аталған еді. Осы Қайырымдылық күнін Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің бір топ оқытушылары мен білім алушылары Талғар қаласындағы "Нұр" балалар үйіне қайырымдылық жасады
«Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?»
15.03.2024 16:15
«Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?» тақырыбындағы 1-2 курс білім алушылары колледждің мәдениет үйінде Талғар аудандық ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімінің Ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция капитаны Кырманшиева Қарлығаш Мәлікқызы, Калиахмет Танат Айдарханович,Нурметов Бауржан Бақытжанұлы әлімжеттіктің, буллинг/кибербуллинг, діни экстремизм мен терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлық, сақтау мәселелері бойынша «Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында сұрақ жауап алынды.
"Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының түсінігі, принциптері және тарихи алғы шарттары"
15.03.2024 10:02
Алматы облыстық «Шамшырақ» жобасы аясында, озық педагогикалық тәжірибе тарату мақсатында «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1 Бух «Б» тобының білім алушыларына Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Кертаева Н.С. ZOOM платформасын пайдаланып , "Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының түсінігі, принциптері және тарихи алғы шарттары" тақырыбында облыс көлемінде ашық онлайн сабақ өткізді.
«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы»
14.03.2024 16:36
Колледжіміздің әдіскері Дүйсеқожа Аяла Кәдіржанқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстар жүргізді. Жаңа заңның талаптары мен өзгерістері толығымен қамтылды. Талқыланған өзгерістер төмендегідей: • Портфолионы педагог жеке өзі электрондық үкімет порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (модератор, сарапшы, зерттеуші облыстың ББ-да , шеберге-ОМ - не) электронды форматта ұсынады. • ПББ тапсыру ББ бекіткен кестеге сәйкес тапсыру тестілеу орталығының пункттерінде тапсырылады. • Сараптама комиссиясы құжаттарды өтініш берілген сәттен бастап 1 ай мерзім ішінде қарайды. • Кезекті аттестаттаудан өтіп жатқан педагогтер үшін аттестаттау комиссиясының шешімі 2024 жылғы 30 тамызға дейін шығарылады. • Ескі форматтан қолданыстағы форматқа ауысатындар үшін (І, ІІ, жоғары санат) 2024 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін. • ПББ арнайы пәндер мен жалпы пәндер оқытушыларына, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған. • "Пәндік білім" - елу тапсырма. • өзге лауазымдардың педагогтері үшін. • "Педагогика және психология негіздері" - елу тапсырма. • 30 жыл және одан да көп педагогикалық еңбек өтілі бар екендігі расталған кезде ПББ тапсырудан босатылады, нәтижелерді кешенді жалпылаудан өтеді.
|