- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 366 | |
Кеше | 490 | |
Бұл апта | 2482 | |
Өткен апта | 3924 | |
Бұл ай | 13868 | |
Өткен ай | 15230 | |
Барлығы | 1097996 |
Сіздің IP: 18.117.70.132
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2024-04-26 12:09
Көрісу күні
Талғар агробизнес және менеджмент колледж ұжымы 14- наурыз "Көрісу күні" Амал мерекесімен бір -бірлерін құттықтады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді.
"Тілдер және қоғамдық пәндер"кафедрасының "Тіл мен тарих егіз ұғым" атты декадасының жабылу
13.03.2024 17:40
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Тілдер және қоғамдық пәндер"кафедрасының "Тіл мен тарих егіз ұғым" атты декадасының жабылу кеші өткізілді. Декада аясында өткізілген іс шараларға белсене қатысқан білім алушылар марапатталды. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова кафедра жұмысына алғысын білдіріп, білім алушыларды марапаттарымен құттықтап, болашақтарына зор сенім білдіретіндігін баса айтты.
Масленица
11.03.2024 19:53
Тілдер және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің фойесінде "Масленица" қысты шығарып салуға арналған іс-шара өткізді. Мереке жүргізушілері жиналғандарға Масленица апталығының Ресейде қалай тойланатындығын айтып берді. Жиналғандар орыс халқының әдет-ғұрыптарымен, мерекенің аталу тарихымен танысты. Студенттер аптаға созылатын Масленицаның әр күнінің өзіндік атауы мен мерекелік әдет-ғұрыптары бар екенін білді, сонымен қатар «Өздігінен құрастырылған дастархан» масленица дастарханын ұйымдастыруға қатысты. Мереке жарқын әрі есте қаларлықтай өтті.
«Ардақты Ана, Асыл Жар, Әсем Ару»
11.03.2024 19:29
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Токаева Д. Е мен Бекбаева Ш.С. жетекшілігімен колледж білім алушылары 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты Ана, Асыл Жар, Әсем Ару" тақырыбымен мерекелік кеш өткізді. Әсем әндер шырқалып, аналарға арнау жырлар оқылып, күмбірлеген күй тартылып, тағылымы мол сахналық қойылым қойып, мың бұрала би билеп, колледжіміздің ардақты ұстаз-аналарына, сұлу бойжеткендерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова ұстаз аналар мен қыз-келіншектерге Облыстық кәсіподақ ұйымының, Талғар қаласы Әкімінің және колледж әкімшілігінің Құрмет, Мақтау қағаздарын салтанатты түрде табыстады. Ұжымға, білім алушыларға ыстық лебізін білдірді.
"Қазақша сөйлейміз"
11.03.2024 16:52
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 27 ақпан күні "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының "Тіл мен тарих егіз" атты декадасының екінші күні "Қазақша сөйлейміз" акциясымен басталып, қазақ тілі пәні бойынша берілген сұрақтарды дұрыс шешуге ұласты. Сонымен қатар, білім алушылар электронды кітаптармен танысты, сондай-ақ асық ату, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, таңғы жаттығуларын жасады. |