- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 350 | |
Кеше | 490 | |
Бұл апта | 2466 | |
Өткен апта | 3924 | |
Бұл ай | 13852 | |
Өткен ай | 15230 | |
Барлығы | 1097980 |
Сіздің IP: 18.191.41.236
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2024-04-26 11:38
"Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз".
2-наурыз 2024 жылы Талғар ауданы білім беру мекемелерінің ұстаздарының арасында аудандық "Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз" байқауы ұйымдастырылды. Колледж намысын қорғаған колледждің оқытушылары жеке орындаушылық, би, ұжымдық орындаушылық (хор) номинациялары бойынша қатысып, 16 білім беру мекеме ішінен 1-орынды иеленіп, 50 000 тг сыйақы алып, олжалы қайтты.
Жеңіс құтты болсын!
«Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші»
28.02.2024 18:13
Облыстық «Мен ІТ құзіреттімін» жоба мүшелерінің «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақтар шеруі аясында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы, жас маман Әменова Мереке Еркебекқызы 2 бағдарламашы 9 «А» тобының білім алушыларына «КМ 2 Электроника және электротехниканың заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерді қолдану» модулі бойынша «Жасанды интеллект жүйелері» тақырыбында онлайн ZOOM платформасында ашық сабақ өткізді.
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары
28.02.2024 14:32
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында мектепке дейінгі шағын орталығы бар №28 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары
28.02.2024 13:27
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында №29 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. «Тіл мен тарих еңбіз»
27.02.2024 19:05
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 26 ақпан күні "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының "Тіл мен тарих егіз" атты декадасының ашылу салтанаты өтті. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова Декаданың ашылуының алғы сөзін сөйлеп, оқытушылар мен білім алушыларды белсене қатысуға шақырды. Колледж білім алушыларының мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, еліміздің тарихын оқып үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған онкүндік шаралары таныстырылды. Тіл туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер мен нақыл сөздер оқылып, күй тартылып, ән шырқалып, берекелі дастарханға бата беріліп, ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.
|