- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Authorization
Voting








![]() | Today | 84 |
![]() | Yesterday | 800 |
![]() | This week | 3549 |
![]() | Last week | 3164 |
![]() | This month | 5977 |
![]() | Last month | 18376 |
![]() | Total | 1309045 |
Your IP: 3.135.182.75
MOZILLA 5.0,
Now: 2025-05-10 03:54
«Ұстаздар - ұлы тұлғалар!» атты ұстаздар мейрамына арналған мерекелік кеш

Қазан айының алғашқы жексенбі күні тойланатын «Ұстаздар күніне» орай І курс Автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу және Ветеринария мамандығының топ жетекшілері мен білім алушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаздар - ұлы тұлғалар!» атты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Қымбатты Ұстаздар!
Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап, ұрпақ тәрбиелеу жолында толымды еңбек етіп жүргендеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз!
«Ұстаздар - ұлы тұлғалар!»![]() There are no translations available. Колледж жас оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаздар - ұлы тұлғалар!» тақырыбында челендж түсіріліп, колледж ұжымына құттықтау ретінде жолданды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Dim lights Embed Embed this video on your site
«Қарттарым-асыл қазынам»![]() There are no translations available. 1 қазан-Қарттар күніне орай «Самға -Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен колледж еріктілері, «TKAiM join me» («Бізге қосыл») атты студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бірлесе отырып, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында қарттарымызбен және мүгедек қарттарымызға қолқабыс еткен болатын. Атап айтқанда Талғар қаласында тұратын І топтағы мүгедек қарт Нурмахамбетова Майра апамыздың үй-жайын және І топтағы мүгедектер тұратын, барлығы сегіз тұрғын үй қамтылған «Зағиптар қоғамының» аумағын тазалауға көмектесіп, баталарын алып қайтты. Dim lights Embed Embed this video on your site
«Тіл-Тәуелсіздік тұғыры»![]() There are no translations available. 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қазақ тілі» қоғамымен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл-Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кеш өткізілді. Жалпы 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
«Саналы ұрпақ» клубы![]() There are no translations available. Қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызы, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы және «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы Алматы облысы колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен кездесу өткізді. Онлайн форматта өткізілген кездесуге колледжіміздің «Саналы ұрпақ» клуб жетекшісімен мүшелері қатысып, маңызды мәліметтер алды.
|